12 қыркүйек күні 1-сыныптарда «Абай - ұлы тұлға » тақырыптық сынып сағаты өтті

12 қыркүйек күні 1-сыныптарда «Абай - ұлы тұлға » тақырыптық сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды Абай Құнанбайұлының тұлғасымен таныстыру, оның балаларға жақын өлеңдері мен нақыл сөздері арқылы әдепке, мейірімділікке, білімге құштарлыққа баулу. Сынып сағатында оқушылар ақын туралы қысқа әңгімелер тыңдап, өлеңдерін мәнерлеп оқыды, суреттер тамашалап, әндерінен үзінділер орындады. Іс-шара балалардың әдебиетке қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.
#Қарағандыоблысытілдекада