back-image
КГУ "Топарская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Топарская общеобразовательная школа"
Хайуанаттар бағы
14-11-2022 07:57
Хайуанаттар бағы

Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына 2 «А» сыныбынан 17 оқушы барды. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне сынып жетекшісі Искакова Д.Ж. және мектеп тәлімгері Абылгазина Б.Л. жауапты болды.
Хайуанаттар бағына бару мақсатымыз: хайуанаттар бағындағы жануарлар әлемінің түрлерін оқушыларға таныстыру, жабайы жануарлар әлемін қорғауды басты мақсат ете отырып, адам бойында ізгілікті насихаттау. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар қорын сақтау.Хайуанаттар бағына мамандар сонау Ресейден канадалық қасқыр мен ергежейлі маймыл және ұзынтұмсық әкелсе, Алматыдағы зообақтан Амур жолбарысын жеткізген. Ал жергілікті тұрғындар ақ тырна, мүйізді қарға, күркетауық, бөдене, тасбақа, пониді сыйға тартыпты. Бұл шара "жылы жүрек – жомарт қол" акциясы аясында жүзеге асырылған екен.
Айта кету керек, қазір Қарағандыдағы хайуанаттар бағында аң-құстың 209 түрі бар, жалпы саны 1600-ге жуық. Мұнда жаңа ғимарат салынып жатыр. Бақтың жалпы аумағы 43 гектар болса, бүгінде соның тек 8 гектары ғана пайдаланылып отыр.Балалар аңдарға қызыға қарап, олар туралы көптеген мәліметтер алды. Барлығына бүгінгі саяхатымыз қатты ұнады. Оқушылар өздерінің алған әсерлерін бір-бірімен бөлісіп талқылады.

Новости