back-image
КГУ "Топарская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Топарская общеобразовательная школа"
Бір отбасы-бір кітап
07-12-2022 13:09
Бір отбасы-бір кітап

9 қараша күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай "Бір отбасы-бір кітап"акциясы аясында отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту,оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып,кітап оқыту арқылы оқырман отбасын анықтау мақсатында "Оқырман отбасы" аудандық байқауы өткізілді.Топар жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Ахмия Айсауленің отбасы оқуға ұсынылған 5 кітапты оқып,4 кезеңнен тұратын байқауға белсене қатысты . 1 кезең "Буктрейлер" біздің сүйікті кітабымыз-бұл кезеңде Айсауленің отбасы өздерінің отбасымен оқыған көркем шығарманың ішінен Мұхтар Әуезовтың "Жетім" әңгімесіне шағын бейнетүсірілім көрсетті.     2 кезең бойынша:"Кейіпкерді тап"әдеби сайысында берілген шығарма үзіндісінен кейіпкерді табудан да бұл отбасы кідірмей жауап беріп, қатысушылардың отбасымен бірге шығарманы мұқият оқығаны анықталды.3 кезең:"Әдеби жекпе-жек"блиц-көркем шығарма мазмұны бойынша қатысушылардан жедел жауап алу мақсатымен  сұрақтар қойылды.Қойылған сұрақтарға Айсауленің анасы  Бота Келгенбекқызы және сіңілісі Айнұр да тапжылмай жауап бере алды;  4 кезең:Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларынан сахналанған қойылым қою кезеңіне Айсауленің отбасы Ахмет Байтұрсынұлының "Қасқыр мен қозы"мысалынан сахналық қойылымды да тартымды,қызықты етіп мазмұнын толық жеткізіп, көрсете алды.Байқауға қатысып, белсенділік танытқан Ахмия Айсауленің отбасына мектеп ұжымы болып алғыс білдіреміз!

Новости