back-image
КГУ "Топарская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Топарская общеобразовательная школа"
Мамандық таңдау 9 "А" сыныпта оқушылармен бірге
08-12-2022 10:35
Мамандық таңдау 9
2022 жылдың 30 қарашасында мектепте 9 "А" сыныпта оқушылармен бірге "мамандық таңдау"тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: мамандық таңдау жолдарын көрсету.
 Жиналыс барысы келесі міндеттерді шешті:
Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, мамандық таңдауда түрлі ерекшеліктерін айқындап, дұрыс бағыт беру туралы түсінік қалыптастыру.
Ата-ана, бала, мектеп үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету; 
Баламен дұрыс тіл табыса отырып, мамандық таңдауда оның таңдауын көңіл бөлуге ой салу.
Жиналысты педагог кәсіби бағдар беруші А.Б. Жакенова жүргізді, ол жақсы және достық атмосфераны құруға арналған жаттығу тренинг өткізді. Еңбек нарығында мамандықтарға сұраныс туралы презентация ұсынды, "мен қалаймын", "мен істей аламын", "керек"оңтайлы таңдау аймағы туралы әңгіме жүргізді.
Педагог психолог Г. А. Ахметжанова оқушыларды диагностикалаудың жалпы нәтижелері туралы айтып, ата-аналарға мамандық таңдау мәселесінде неге назар аудару керек екендігі туралы ұсыныстар берді.
mycollege.kz платформаның мүмкіндіктері бойынша әңгіме жүргізді.
Ата-аналар мен оқушылар көптеген пайдалы ақпарат алды, жұмыс жемісті болды.
Новости