9 «А», 9 «Б» сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша диагностикалық жұмыс жүргізді
28-30 қараша аралығында Топар жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Ахметжанова Г.А. психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі бағдарламасына сәйкес 9 «А», 9 «Б» сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша диагностикалық жұмыс жүргізді. Мақсаттары: балалардың әртүрлі кәсіптер туралы түсініктерін кеңейту; еңбекке оң көзқарасты қалыптастыру, балаларды кәсіптер туралы ақпарат іздеуге, саналы кәсіби таңдауға ынталандыру.