13 мамырда Аналар күні– ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке Абай ауданының Топар ЖББ мектебінде аталып өтті.
Осы күнді мерекелеу шеңберінде аналарды қолдауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен ұлтты қалыптастыруда аналардың елеулі үлесін насихаттауға, аналардың өзекті мәселелерін талқылауға, жалғызбасты аналарға, көпбалалы аналарға көмек көрсету бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Соның бір айғағы, Даналық мектебі аясында «Мейірім» аналар клубының мүшелелерінің қатысуымен «Ана-өмір тәлімгері» атты фестиваль, - «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісі бар аналарды құрметтеу және олардың бала тәрбиелеуге қосқан үлесін тану мақсатында «Анаға тағзым» атты форум, мектеп оқушыларының аналарымен отбасылық құндылықтар, балалармен қарым-қатынас және коммуникация, оларды тәрбиелеу, жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша «Moms talk» пікірталас клубының мүшелігіне қабылданған аналармен шеру өтілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл–ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп атап өткендей алдағы уақытта мектебімізде игі шаралар жалғасын таппақ
Аналар күн