back-image
КГУ "Топарская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Топарская общеобразовательная школа"
« 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық күніне»
12-06-2024 08:20
« 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық күніне»

23 сәуір күні Топар ЖББ мектебінде « 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық күніне» арналған,сонымен қатар 04.03.2024ж. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Менің сүйікті кітабым” Республикалық челленджі өткізілуіне байланысты қорытынды жасау мақсатында “Бірге оқимыз,ойға тоқимыз!” тақырыбында сайыс өтті. Бәрімізге мәлім челлендж барысында Жетісу облысы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарына Сайын Мұратбековтың “Жабайы алма” шығармасын 1 ай бойы оқып, талдау жұмыстарын жүргізуді ұсынған болатын ,осыған орай кітапханашы, педагогтер мен оқушылар аталмыш кітаппен қамтамасыз етіліп,оқып танысты. Сайын Мұратбековтың “Жабайы алма” шығармасын негізге ала отырып,”Бірге оқимыз,ойға тоқимыз!” тақырыбында өткен сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде «Жасырын ұяшық» деп аталды. Команда ұяшықта берілген тапсырмаларды таңдап алып,берілген сұрақтарға жауап берді.
2 кезеңде шығармада кездесетін кейіпкер есімдерін тауып жазу тапсырылды. 3 кезең «Сурет сырын аш!» деп аталды. Командалар шығармада кездескен бейнелердің суреті бойынша ,қысқаша сыйпаттама берді.
4 кезең «Мамандығын тап!»деп аталды.Бұл кезеңде әр командаға парақта жазылған кейіпкелер тұсына мамандығын тауып жазу тапсырылды. 5 кезең ортаға әкелінген қара жәшік ішіне жасырылған затты табу керек болды. Тапсырма мынандай мазмұнда болды «… жәшіктің ішінде, 7 жылдан кейін соғыстан оралған жарымжан сарбаздың ауылдастарына әкеліп үлестірген заты не?Сарбаздың есімі кім?» жауабы: қант,есімі Көбеген.
Сайыс соңында кері байланыс жасалды. «Не білдің?», «Не үйрендің?», «Алда не істейсің?» деген сауалдарға жауабын, балалар үлестірілген алма суретіне жазып,алма ағашына апарып ілді.
Өтілген сайыс әдеби шығармаға деген оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға тимді болды деп баға беруге болады.
Сайыс соңында 5-11 сыныптардан қатысқан 7 команда грамоталармен марапатталды.

Новости