"Оқу сауаттылығы" апталығы.
«Оқу сауаттылығы» апталығының соңғы күнінде 9 сыныптар арасында «Мектеп оқушыларының бойында патриотизмнің қалыптасуына әлеуметтік желілердің ықпалы» тақырыбында пікірталас өтті.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ¬стан¬дық патриотизмді қалыптастыруда негізгі стратегиялық бағыт – мемлекеттік жал¬пыға бірдей міндетті жүзеге асыру.
Қорыта келгенде, адам баласы бар жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз елде қалыптаспақ. Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады.