back-image
Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)
Организации> Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Оқушыларға кәсіби бағдар беру

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар  олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенгенсайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді.Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында

оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

Мақсаты: 

оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік

салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде

жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына

көмек беру;

Міндеттері: 

-оқушыларға мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру,

-оқушылардың өз қызығушылығын, бейінін,

қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу,

-кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру,

-оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;

 

Күтілетін нәтиже: оқушының өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін тануы, жеке танымдық қорытындымен ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби

бағдарлану жолын анықтауы;

Кәсіптік бағдар беру бойынша оқу жылына жоспар

Мақсаты: Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру.Оқушыларды,ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту;
  • Кәсіби білім беруде мекемелерімен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстаарын ұйымдастыру;
  • Химия, биология, физика, математика, қоғамтану пәндерінен бағыт бойынша топтық тапсырмасын орындау;
  • Кәсіби бағдар беруді оқу бағдарламасына, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

Есеп түрі

Педагог мамандармен жұмыс

Кәсіптік бағдар беру кеңесін құру

қыркүйек

мектеп директоры

бұйрық

Мұғалімдерді кәсіптік бағыт-бағдар берудегі нұсқау, бұйрық, шешімдермен таныстыру

қыркүйек

 

Хаттама

Мектептегі оқушыларының кәсіби бағдар беру жұмысын талдау және тексеру.

 

 

 

 

жыл бойы

Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі

Мектептегі оқушыларының кәсіби бағдар берудегі қалалық өндіріс пен әрекеттестігі (кездесу және экскурсия)

 

 

Әлеуметтік мұғалім

Сыныптағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру туралы мұғалімдерге жеке кеңестер беру;

   

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын анықтауға көмек көрсету

Әлеуметтік мұғалім

Психолог

кітапханашы

 

Оқушылармен жұмыс

Кәсіптік білім мекемелерінде мектеп бітіруші түлектердің оқуын жалғастыруы

қыркүйек

Әлеуметтік педагог

Талдау анықтамасы

«Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу» курсы (Мамандық таңдау).

жыл бойы

Психолог

Анықтама

Кітапханада «Мен мамандықты таңдаймын» стендін ақпараттық материалдармен толықтыру.

ай сайын

Әлеуметтік педагог

анықтама

«Сенім жәшігі» кәсіп таңдаудағы сұрақтар.

жыл бойы

Педагог-психолог

Кеңес беру жұмыстары

Техникалық бағыт бойынша қосымша білім беру бөлімдерімен жұмыстар ұйымдастыру,

қыркүйек

Технология пәнінің мұғалімі

Суретті есеп және іс-шаралар қорытындысы

Кәсіптік бағдар беру апталығы 5-11 сыныптар

ақпан

Сынып жетекшілері

Іс-шаралар

«Менің болашақ мамандығым» сурет сайыс (5-7 сыныптар)

қазан

Бейнелеу өнер пәнінің мұғалімдері

Талдау анықтамасы

Кім боламын?пікірлесу

қараша

ДТІЖО

ақпарат

«Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина (5-8 сыныптар)

қараша

Сынып жетекшілері

Хаттамалар

«Мамандыққа саяхат». Мамандық әлемімен таныстыру.Ойын (6-7 сыныптар)

желтоқсан

Технология пәнінің мұғалімі

Фото есеп

Жобалар қорғау. «Технология» бағдарлама аясында

қаңтар

Сынып жетекші

Оқу орындарына, аймақтық кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру (8-11 сыныптар)

ақпан

психолог

Талдау анықтамасы

Сынып сағаттарын өткізу «Мансапқа жетуді жоспарлауда өзін тәрбиелеудің ролі

жыл бойы

   

7-8 сыныптарда алдын ала бағыт беру аясында диагностика өткізу

наурыз

Әлеуметтік мұғалім психолог

Хаттама

«Менің арманымдағы мамандық» шығармашылық сайыс (7-9) МАОӨК

сәуір

   

Жоғары оқу орындары мен колледждердегі ашық есік күніне қатысу.

сәуір

Сынып жетекші, әлеуметтік мұғалім

жоспар

Болашақ мамандықты таңдадыңызба?

наурыз

Әлеуметтік мұғалім

Мектеп педагаог-психологтары сынып жетекшілер

Хаттама

Жоғары оқу орындары мен колледжердегі ашық есік күніне қатысу

сәуір, мамыр

   

9 сыныптардан кезеңдік сауалнама алу

жыл бойы

Ата-аналарға, оқушыларға жеке кеңестер беру

Ата-аналармен жұмыс

Оқу жоспарымен танысу

қыркүйек

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

Хаттама

Жалпы мектепішілік жиналысы тақырыптары

қазан

   
  • «Мамандықты дұрыс таңдау.Аймақтық нарықтық еңбек» (8-9 сыныптар)

наурыз

Әлеуметтік педагог

 
  • «Топтарды кәсіптік бағдар беру алдындағы дайындықты оқытуды ұйымдастыру» (7-9 сыныптар)

қазан

Сынып жетекшілер

  • «Топтағы оқыту жұмыстарын ұйымдастыру»

желтоқсан

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Әлеуметтік педагог

  • «Жоғары оқу орындарына түсу шарттары» (11 сынып)

жыл бойы

   

Мамандық таңдау бойынша жеке кеңестер

         

“Мамандық таңдау бойынша ата-аналарға арналған жадынама”

 

1.Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.

2.Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.

3.Мамандық таңдар кезінде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттанудың да естен шығармаңыз.

4.Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.

5.Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші мамандармен ақылдасыңыз.

6.Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін.

7.Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.

8.Егер балаңыз мамандық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады.

9.Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса оған үйірмелер, әдебиеттер әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызы-

ғушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.

10.Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы

да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

 

1.Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұларды кез-келген мамандықта қажетті болары сөзсіз!

2.Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

3.Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

4.Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

5.Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

6.“Жақсы адам”- бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.

7.Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.

8.Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.

9.Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

10. Өзің таңдаған мамандығынның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алмағанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

11.Өзіңмен алдын-ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!

11 сыныпқа сауалнама

1. Қандай мамандық сені көп қызықтырады.Неге?

2. Бұл мамандықтың басқадан айырмашылығы?

3. Сенің таңдаған мамандығың бойынша жұмыс жасаған таныс адамдар бар ма, олар кімдер?

4. Бұл мамандықтағы адамдардың міндеттері қандай?

5. Таңдаған мамандығың бойынша жемісін көрдің бе?

6. Бұл мамандықты алған күнде қандай қиыншылықтарға кездесем деп ойлайсың?

7. Бұл мамандықты меңгеру үшін не істейсің?

8. Ата-аналарың қандай мамандық таңдауларыңа кеңес береді?

 

 

11 сыныпқа сауалнама

1. Қандай мамандық сені көп қызықтырады.Неге?

2. Бұл мамандықтың басқадан айырмашылығы?

3. Сенің таңдаған мамандығың бойынша жұмыс жасаған таныс адамдар бар ма, олар кімдер?

4. Бұл мамандықтағы адамдардың міндеттері қандай?

5. Таңдаған мамандығың бойынша жемісін көрдің бе?

6. Бұл мамандықты алған күнде қандай қиыншылықтарға кездесем деп ойлайсың?

7. Бұл мамандықты меңгеру үшін не істейсің?

8. Ата-аналарың қандай мамандық таңдауларыңа кеңес береді?

 

 

11 сыныпқа сауалнама

1. Қандай мамандық сені көп қызықтырады.Неге?

2. Бұл мамандықтың басқадан айырмашылығы?

3. Сенің таңдаған мамандығың бойынша жұмыс жасаған таныс адамдар бар ма, олар кімдер?

4. Бұл мамандықтағы адамдардың міндеттері қандай?

5. Таңдаған мамандығың бойынша жемісін көрдің бе?

6. Бұл мамандықты алған күнде қандай қиыншылықтарға кездесем деп ойлайсың?

7. Бұл мамандықты меңгеру үшін не істейсің?

8. Ата-аналарың қандай мамандық таңдауларыңа кеңес береді?

 

9 сыныпқа сауалнама

1. Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба?

А) иә                                                    Б) жоқ

2. таңдаған мамандығыңызды көрсетіңіз?(қажеттісін астын сызып көрсетіңіз)

(мұғалім, тәрбиеші, дәрігер, есепші, құрлысшы, механик, програмист, менеджер, экономист, заңгер)

3. Мамандығыңызды әлі таңдамасаңыз, онда қандай мамандық ұнайды?

4. 9 сыныптан кейінгі сіздің жоспарыңыз?

А) 10 сыныпта оқу;

Б) колледжге оқуға түсу;

В) лицейге оқуға түсу;

Г) жауап беруге қиналамын

5. Өз мамандығыңыз туралы білімнің қайнар көзін көрсет

А) ата-анасының мамандығы

Б) туысқандарының мамандығы

В) сынып жетекшісімен әңгімелесу

Г) орта қоғамнан алатын ақпарат

Д) колледж және лицей жұмыскерлерімен кәсіптік бағдар жұмысын мектептен тыс уақытта жүргізу

Е) таңдаған мамандықты өз біліміммен қол жеткіземін

Ж) ата-анамның кеңесімен

6. жоғары сыныптарда қандай бағытта біліміңізді жалғастырасыз? (мектепте білімін жалғастыратындар үшін)

А) общественно-гуманитарлық                          

Б) естественно-математикалық

7.Неге сіз осы бағыттағы білімді таңдадыңыз?

А) Болашақ мамандығыма байланысты болған соң

Б) Жауап беру қиын

8. Өзіңізді болашақ мамандығыңызға дайындайсыз ба?

А) Бұған мүмкіндікті көріп тұрған жоқпын

Б) Бірдеңе істегім келеді, бірақ неден бастарымды білмеймін

В) Ұқыпы дайындаламын

Г) иә, болашақ мамандығыма дайындаламын

9. кәсіби бағдар жұмысы бойынша қандай колледж және лицей өкілдері сіздің мектепте болды?

 

 

Ата - анаға арналған сауалнама

  1. Балаңыздың аты - жөні.......................................................................
    2. Балаңыз мектепке ынтамен келе ме?....................................
    3. Мектеп режиміне қалыптасты ма? Жаңа күн тәртібін қабылдай ма?
    - әзірге жоқ
    - жоқ
    - иә
    - жауап беруге қиналамын
    4. Өзінің сабақтағы жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктеріне қинала ма?
    - жоқ
    - иә
    - сөзсіз қиналады
    - жауап беруге қиналамын
    5. Балаңыз сізбен мектептегі әсері жайлы өз ойын жиі бөлісе ме?
    - әзірге жоқ
    - кейде бөліседі
    - әрдайым бөліседі
    - өте жиі бөліседі
    6. Алған әсері қандай?
    - негізінен эмоциясы жағымды
    - әр түрлі, бірақ жағымсызы көп
    - жағымсыз және жағымды әсері бірдей
    - негізінен жағымсыз әсер
    7. Балаңыз күнделікті сабақ оқуға қанша уақыт жұмсайды?
    - анық көрсетіңіз...........................
    8. Балаңыз үй тапсырмасын орындауда сіздің көмегіңізді қажет ете ме?
    - әрқашан көмек керек
    - жиі көмектеседі
    - кей кезде көмектесемін
    - көмек қажетсінбейді

Ата - ананың аты жөні.................................................
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
(Қолыңыздан келе ме?)

Жауаптары:
А) Қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын.
Ә) Қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б) Қолымнан келеді.

1. Кез келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7. Бір уақытта өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?
8. Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9. Баланың журегіне тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12. Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп - ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Баланың егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Ата - аналарға арналған сұрақнама.
Бала мен ата-ананың қарым-қатынасын көрсететін сұрақтар.
Сұрақтардың тұсына егер келіссеңіз «иә» жауабын, келіспесеңіз «жоқ» жауабын жазың


1. Балаңыздың өмірге келуі қалаулы ма еді?
2. Сіз күніге онымен әзілдесіп, жылы сөз айтып, шын көңіліңізбен маңдайынан сүйесіз бе?
3. Сіз күнде кешкісін онымен әңгімелесіп, күннің қалай өткенін талқылайсыз ба?
4. Аптасына бір күн бос уақытыңызды бірге өткізесіз бе?
(кино, концерт, театр, туысқандардың үйіне бірге бару, шаңғымен серуендеу, стадион және т. б.)
5. Отбасында туындаған мәселелерді бірге талқылайсыздар ма?
6. Оның имиджін, киім кию мәнерін, модаға сәйкестігін талқылайсыздар ма?
7. Сіз оның достарын білесіз бе? (Қай жерде тұрады, қандай жұмыспен айналысады, бос уақыттарында немен айналысады)
8. Сіз оның уақытын қалай өткізетінін, хоббиін, қызығушылығын білесіз бе?
9. Сіз оның ғашық болған, ұнатқан адамы туралы білесіз бе?
10. Сіз оның жауы, қаскөй, жақтырмайтын адамдарын білесіз бе?
11. Сіз оның мектептегі ең жақсы көретін пәнін білесіз бе?
12. Сіз оның мектептегі ең жақсы көретін мұғалімін білесіз бе?
13. Сіз оның мектептегі жақсы көрмейтін мұғалімін білесіз бе?
14. Сіз бірінші болып татуласуға, әңгімеге барасыз ба?
15. Сіз өз балаңызды кемітіп, балағаттап, қорлайсыз ба?

Сіз қандай ата - анасыз?


Берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.
1. Балалар туралы газет журнал беттерінде жарияланған материялдарды немесе радио, теле хабарларды жүйелі оқып тыңдап отырасыз ба?
2. Балаңыз бір оғаш әрекет істеп қойса, онда сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі бар ау деп ойлайсыз ба?
3. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап, немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
4. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба?
5. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезесіз бе?
6. Спорттың баланың жан - жақты дамуында маңызы зор екендігін ескересіз бе?
7. Сіз балаңыздың бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?
8. Балаңыздың әр түрлі сылтаулармен «құтылуға тырысуы» сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?

Әрбір мақұлдау жауапқа - 2 ұпай, ал кейде жауабына - 1 ұпай, ал қарсы жауабыңызға - 0 ұпайдан қойыңыз.

Ата-аналарға арналған сауалнама

 

Сұрақтары

 

жауаптары

1

Аты-жөніңіз

 

 

2

Балаңыздың аты-жөні

 

 

3

Балаңыздың ең жақсы қасиеті

 

 

4

Балаңыздың ең жаман қасиеті

 

 

 

5

Балаңыздың қазіргі білімі мен тәрбиесіне көңіліңіз толама?

 

 

 

6

Балаңыздың болашақта кім болғанын қалар едіңіз?

 

 

 

 

 

7

Сіздің балаңыз қандай пәндерге қызығушылық білдіреді?

 

 

 

 

 

 

8

Балаңыздың бойында басымырақ байқалатын дарындылық белгісін білесізбе?

 

 

 

 

 

9

Қандай жағдайлар сіздің балаңыздың мамандықты игеруде кедергі болып табылды?

 

 

 

 

 

10

Балаңыздың 9 сыныпты оқу барысында сізді не уайымдатады

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген  отырысының

№         хаттамасы

Күні:________

Қатысушылар:

 

 Күн тәртібіндегі мәселелер:

1.Мұғалімдерді кәсіптік бағыт-бағдар берудегі нұсқау, бұйрық, шешімдермен таныстыру

 

Тыңдалды:

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Теміржанова сөз алды. Оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі. Бұл істің жүргізілуі кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте  жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.Мектебімізде оқу жылының басталуына орай оқушыларға Кәсіби бағдар беру жұмысы қолға алынып жылдық жоспар жасақталды.

Қаулы  етеді:

1.Оқушыларға Кәсіби бағдар беру  жоспары құрылып, жүзеге асырылсын және тоқсан сайын атқарылған жұмыстардың есебі берілсін.

 

Хатшының аты-жөні, қолы:    ___________            _____________________

 

 

 

Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген  отырысының

№         хаттамасы

Күні:________

Қатысушылар:

 

 Күн тәртібіндегі мәселелер:

1.Болашақ мамандықты таңдадыңызба? Дөңгелек үстел

 

Тыңдалды:

          Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Теміржанова сөз алды.Мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүм­кін­діктеріне қол жеткізесің.Болашақта қандай маман иесі болғым келеді, қай мамандықты таңдасам болады? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз.  Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады.Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады.Мамандық таңдау — адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Яғни адам өз бойындағы қабілетіне қарай, икемділігіне қарай, бір сөзбен айтқанда шама-шарқына қарай өзіне және қоғамға қызмет ету дегенмен бірдей.  Сондықтан адам баласы өмірде мамандық таңдауда өз өміріне балта шаппастай етіп үлкен жауапкершілік арқалай отырып асқан ыждаһаттылықпен таңдау жасауы тиіс. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі өзі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Бірақ, біздің жастарымыз осы тұрғыдан келгенде аяғын шалыс басып, өз таңдауларын дұрыс жасай алмай, көп опық жеп отыратын кездері де кездеседі.

Қаулы  етеді:9-11 сыныптар арасында өткізілген «Болашақ мамандықты таңдадыңызба?» тақырыбындағы дөңгелек үстел бойынша талқыланған тақырыптар алдағы уақытта қолға алынсын.

 

Хатшының аты-жөні, қолы:    ___________            _____________________

 

 

 

 

Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген  отырысының

№         хаттамасы

Күні:________

Қатысушылар:

 

 Күн тәртібіндегі мәселелер:

«Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина (5-8 сыныптар)

 

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша таныстырылып өтті.

-Кей жастарымыз өз тағдарын өзіне емес ата-анасына жүктеп жауапкершіліктен жалтарғаны былай тұрсын «ата-анамның қалауы бойынша осы мамандықты таңдап едім, сөйтсем … » — дейді, ал кейбірі «грантқа түсу үшін» — деген өз ойларын бүкпесіз жеткізуде. Қазақ менталитетінде «Адам баласы өз баласына еш уақытта жамандық ойламайды», — деген қағиданы берік ұстанамыз да,ата-аналар көп жағдайда өз баламыздың жүрек қалауын тыңдамай, ойы мен қабілеттерін ескермей, нәтижесінде балаларымызға опық жегізіп жатамыз. Сол себепті де мамандықты таңдауда ықпал ететін отбасы мен мектептегі ұстаздары болғандықтан, өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, оларды  дұрыс бағыттаса болғаны, яғни баласының мамандық таңдауына жол беріп, оның пікірін қолдаса, ертеңіміздіңжарқын болары хақ.

Қоғам дамуының қозғаушы күші – адам десек, қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың іс-әрекетінен көрініс береді.Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деуі текке айтылмаса керек. Бұл дегеніміз – адам өз мамандығы арқылы өзіне де қоғамға да пайда әкелуі үшін өз мамандығының хас шебері болуға тиіс. Шеберлікті ұштау жаны сол кәсіпті қалаған жанға ғана тән екенін ескеруіміз қажет.Оқушыларға мамандық туралы түрлі сұрақтар қойылды.Өз ойларын еркін жеткізе білді.

 

Қаулы  етеді:

Оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуін қадағалап ата-аналармен үнемі байланыс жасап отыру қадағалансын.

 

Хатшының аты-жөні, қолы:    ___________            _____________________

 

 

 

 

 

Үлгі

 

Абай атындағы тірек мектебінде

«Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу» курсы (Мамандық таңдау). өткізілген шараның анықтамасы

 

             Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.

              Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі  оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.

Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.

-Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.

-Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім  саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.

 

9-11 сыныптар арасында Мамандық таңдау бойынша курсы ұйымдастырылып оқушыларға кәсіби бағдар бойынша толық түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

                         Мектеп психологі:        

 

 

 

 

ҮЛГІ

 

 

 

Абай атындағы тірек мектебінде

 «Мен мамандықты таңдаймын» стендін ақпараттық материалдармен толықтыру. өткізілген шараның анықтамасы

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

              Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.

            Мектепбіміздің кітапханасында «Мен мамандықты таңдаймын» тақырыбында ақпараттық стенді түрлі мамандықтар туралы материалдарымен толықтырылды.Оқушылар өздеріне қажетті мамандық туралы ақпарат ала білді.

 

 

 

                                          Кітапханашы:             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы тірек мектебінде

 

«Кім боламын?» тақырыбында өткізілген пікірлесу сағатының қорытындысы

 

                Абай атындағы тірек мектебінде қараша айының 20 күні 7-8 сынып оқушылары арасында  «Кім болам?» тақырыбында пікірлесу сағаты өткізілді. Бұл пікірлесу сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Теміржанова жүргізді.Пікірлесу сағаты кезінде оқушыларға «кім болғанды қалайсың?» деген сауал тастап, әр оқушының өз ойын яғни дәрігер,мұғалім,суретші,теміржолшы т.б мамандық иесі болатынын білді.

               Сондай-ақ, оқушылар осы мамандық иелері қазіргі таңда қаншалықты қажет деген сауалға өз ойларын ашыө жеткізе білді.Яғни осы жерде заман ағымына қарай мамандықтар әлемі де өзгеріп отыратыны жайлы түсінік беріліп өтті.

               Сондықтанда әрбір оқушы ең әуелі өз жеке басының ерекшеліктерін танып,өзінің жүрегіне үңілу арқылы бойындағы бейімділігін байқап содан кейін ғана ұнататын мамандықтардың арасынан біреуін таңдау қажет екенін айта келе,өзінің таңдаған мамандығының болашақ болмысы туралы терең зерттеп білгені және өз қалауы бойынша ой таразысына салып 2-3 мамандықты салыстырып көру керек екеніне тоқталды.

Отырыс соңына қарай оқушылар ақпарат ала отырып,оның келешекте алар орны, тигізер пайдасы жайында өзара ой бөлісті.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:        

 

Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысында,оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуы, кәсіби жарамдылығы.

Оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік бағдарларының қалыптасуы

КІРІСПЕ

Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын т.с.с айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.

Мамандықты таңдап алу дегеніміз - өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес, ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты, яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптары на кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері, мектептегі үлгерімі, денсаулығы, мінез-ерекшеліктері, ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі. Бұл жерде кәсіби жарамдылықтың рөлі ерекше. Яғни әр мамандықтың адамға қоятын талаптары алуан түрлі. Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де, өзі үшін де тиімді. Себебі, өзің таңдап алған мамандығыңа деген қызығушылығың немесе сол мамандыққа шын ықыласың, сонымен бірге сол жұмысты қоғамның көңілінен шығатындай етіп орындасаң, бәрі де ойдағыдай болуы тиіс.

 

I. Сабақтан тыс жұмыстарда жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру

1.1. Жоғары сынып оқушыларының өмірлік жоспарлары мен кәсіптік бағдарларының қалыптасуы

Жоғары сынып оқушыларына тән басты ерекшелік - бұл олардың өмірлік жоспарларының қалыптасуы. Бұл бір жағынан мақсаттардың тиянақтылығының, қорытылу нәтижесінде өмірлік жоспарлар туындап, олар өздеріне жеке тұлға, иерархизациялардың бағалы бағдарламасының тиянақты ядросын орнығуын келтіреді. Олар өздеріне жеке ұмтылыстарды бағындырады. Екінші жағынан мақсаттардың нақтылану мен даралану процестері жүріп жатады. өмірлік жоспар - бір мезгілдегі әлеуметтік және этикалық құбылыс.

Кім болам? (кәсіптік сананың қалыптасуы) және қандай болу? (моралдык сананың қалыптасуы) сұрақтары жасөспірімдік өркендеу кезеңінің әуелінде ешқандай айырмасыз болады. Қай жер болса, сол жерде жасөспірімдер (бозбалалар) өмірлік жоспарларымыз деп беймәлімдеу белгілер мен армандарды атайды. Алайда бұл нәрселер олардың практикалық қызметтерімен еш қабыспайды. Өмірлік жоспар, өзінің тура мағынасында, тек ой-толғауларының соңғы нәтижесінде ғана емес, сонымен бірге оған жетудің әдісі, яғни адамның жүріп өтуге мақсатты жолы және объективті, субъективті ресурстар, олар өз кезегінде активті де таңдану - қанағаттану түрінде.

Өмірлік жоспар - бұл іс-әрекеттің жоспары, сондықтан оны бірінші кезекте кәсіптік таңдаумен ұштастырады. Жасөспірімдер мен бозбалалар үшін кәсіптік таңдау көбінесе моралдық проблема болып келеді. Кәсіптік таңдаудағы біздің басшылыққа алатын ең басты нәрсеміз ол өзімізді жетілдіруіміз және адамзаттың игіліктері. Кәсіптік таңдау адам баласын өзінше анықтайды. Ол өзіне іс-әрекет етудің белгілі бір сферасына араласады, яғни ол онда өзінің күш-жігері мен әдістерін жүзеге асырады. Бұл сонымен бірге басқа да толып жатқан іс-әрекет пен қызметтерден бас тарту болып есептелінеді және де бұл жеңіл болып көрінгенімен жауапкершілікті өзі шектеуді таңдау оңай емес. Кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау бүгін көп жақты, көп баспалдақты процесс. Оны психологияда әртүрлі көзқараста қарастырады /1/.

Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда қоғам қалыптасып келе жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт аралығында осы тұлға оны байсалдылықпен шешуге тиісті.

Екіншіден, шешімдер қабылдау процессі ретінде, оның көмегімен индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің балансын қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык еңбек бөлісу жүйесінің қажеттілігіне орналасады.

Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке

тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің жолдарын іздейді). Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық, үшінші -дифференциалды психологиялық).

Жас дамуының психологиялык, кәсіптік бойынша өзін-өзі анықтауы бірнеше этаптарға бөлінеді. Олар әрине мезгілі жөнінен әр түрлі болады.

Бірінші кезең - балалар ойыны, мұнда бала өзіне әртүрлі мамандық рөлдерін ойнайды және сол мақсатта өзін баулап көреді.

Екінші кезең - жеткіншектердің фантазиясы, мұнда ол өзін әр түрлі сүйкімді мамандық иесі ретінде армандайды.

Үшінші кезең - жеткіншектік кезең мен бозбалалықтың басым бөлігін қамтиды - бұл алдын-ала мамандық таңдау. Әр түрлі іс-әрекет түрлері сортталып бағаланады. Алдымен жеткіншектің көзімен тарихи романдарды сүйемін, сондықтан тарихшы болатын шығармын, соңынан оның қабілетіне орай (менде математика жақсы жүреді, мүмкін сонымен айналыссам ше) ақырында оның бағалау жүйесіне байланысты! Менің ауруларға көмектескім келеді, дәрігер болармын: көп табыс тапқым келеді.

Төртінші кезең - практикалық шешім қабылдау, мамандық таңдау. Өзіне екі бас құраушы кіреді. Болашақ еңбектің мамандық дәрежесін анықтау, оған қажетті дайындықтың көлемі мен мезгілін анықтау, тиянақты мамандықты таңдау. Былайша айтқанда бұл екі таңдаудың мезгілі әртүрлі болуы мүмкін /2/.

Қыздар алдымен іс-әрекеттің белгілі аумағын қамтуы мүмкін. (медицинамен айналысқым келеді) сонан соң барып оның кәсіби дәрежесін анықтайды, дәрігер болу керек пе? фельдшер ме?, медбике ме, әлде санитарка ма? немесе керісінше - алдымен дәрежесін белгілеу, сонан соң мамандық (жоғары оқу орнына түсемін, бірақ әлі қайсысына екенін білмеймін). Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда екі жол өте көп сияқты: жоғарғы оқу орнына түсуге бағытталу, тиісті мамандық таңдауға қарағанда ерте қалыптасады.

Мамандық таңдау көп баспалдақтылықпен ерекшеленеді. Тоғызыншы сыныптың соңына қарай оқушылар әрі қарай оныншы класс оқу керек пе? жоқ ПТУ-ға, қолледждерге түсу керек пе? - деп ойланады. Бұл жылдары көп балалар оқуды табыс табумен ұштастырғысы келеді /3/. Қызығушылығына, қабілетіне бағалау бағдарынан басқа шешім кабылдауға өзінің объективті мүмкіндіктерін бағалау маңызды - отбасының материалды жағдайы оқу дайындығының мүмкіндігі, денсаулық жағдайы және т.б. кәсіптік білім алуды немесе жұмысты таңдағандар тез арада әлеуметтік таңдауы кәсіби тандаумен алмастырады, қайда түсу керек, не істеу керек.

Кәсіптік таңдау мектеп оқушыларына екі информация болатындығын көрсетеді. Кәсіптер әлемі туралы: өзі туралы, өзінің қабілеттері мен қызығулары. Мұның екеуі де ең жоғарғы класс оқушыларына жетпейді. Көп жылдық еңбегін нәтижелей келе Е.А Климов былай деп жазады. "17 жаста кәсіптер әлеміне қатынас қызығушылық тәжірибе арқылы

қалыптасады: ата-аналарына, таныстарынан, достарынан, құрдастарынан, кітаптардан, кинофильмдерден, телехабардан алынған білімдер"/2/.

Білгілі бір кәсіптің маңыздылығы, қоғамдық пікір оның жалпылығымен қарсы байланыста болады. Жұмысшыларға қарағанда Е.А Климов мұны екі айналы пирамида есебінде бейнелейді: біріншісі -қоғамның кадрларға деген қажеттілігі, екіншісі – (төңкерілгені) жастар үшін қызғылықтылығы. Қызғылықтылығы артық деп есептелінетін кәсіптерге үміткерлер көп болады. Бірақ қажеттіліктердің саны аз болады. Сондықтан олардың басқа іспен айналысуымен тура келеді. Бұл кездері қоғамның қажеттілігі мен кәсіптік бағдардың айырмасы жастар арасында біршама азайды.

Кәсіптік таңдау мен өмірлік жоспарлардың орындалуы әлеуметтік жағдайларға, оның ата-аналарының білім деңгейіне байланысты. Ата-аналарының білім деңгейі жоғары болған сайын олардың балалары да оқуын жалғастыруы көп болады және ол жоспарлар жүзеге асады.

Бозбалалардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыруы қыздармен салыстырғанда көпшілік жағдайда басым болып келеді /3/.

Кәсіби бағдарлау тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге ол психологиялық та мәселе. Бірінші тәсіл тұрақтылық пен жеке қасиеттердің тәжірибелік өзгермейтіндігінен туындайды. Оларға іс-әрекеттің тәсілі мен үлгермей тікелей байланысты: бұл жерде адамды іріктеу мен саралау жұмысқа байланысты, екінші жағынан - жұмыс таңдау, сол адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Екінші тәсіл қабілеттілікті бағытталған қалыптастыру идеясы арқылы туындайды, мұнда әр адамда мүмкіндігінше кейбір сол жұмысқа қажеттік қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді . Бұл екі тәсіл әр түрлі аталынуы мүмкін, бірақ оларда бірегей „әдіснамалық кемістік бар. Ол жеке және еңбек кызметі бір-біріне байланыссыз әрі қарама-қарсы нәрселер ретінде қаралады. Олардың бірі екіншісін өзіне сөзсіз бағындырады. Дегенмен психологияда қабылданған сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципімен туындайтын үшінші мүмкіндік бар. Е.А.Климовтың топшылауы бойынша бұлар мынадай тұжырымдамаға негізделеді:

І.Тұрақты, тәжірибелік қайта тәрбиелеуге болмайтын жеке психологиялық қасиеттердің болатындығы танылады. Қызметтің табысты болуына тікелей байланысты.

2.Тәсілдері бөлек, бірақ (қасиеттер, қызмет) соңғы пайдасы (еңбектің өнімділігі) бірдей қасиеттер қызметтің табысты болуына байланысты.

З.Қажетті қасиеттерді қалыптастыруда жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін, ішкі даму жағдайларын ескере отырып құру дұрыс. Кәсіп таңдауда кәсіби ақыл-кеңестің маңызы ерекше. Бұл тиянақты дайындықты керек ететін қиын жұмыс. Жоғары кластардың басым көпшілік бөлігі кәсіп таңдауда стихиясы түрде келеді /4/.

Кәсіби өзін-өзі анықтаудың байсалды факторлары - жас шамасы, жас адамның ақпарат дәрежесі, оның килігу дәрежесі. Кәсіп таңдау біз көріп отырғандай өте-мөте қиын және ұзақ процесс. Бұл жерде мәселе тек оның ұзақтығына емес, оның кезеңдерінің бірінен соң бірінің келуінде. Мұнда екі

түрлі қауіп бар. Бірі - жоғарғы сыныптың кәсіби өзін-өзі анықтауының созылып кетуі мен кейінге қалдыра беруі қандай да болмасын болмашы кызығушылығының жоқтығынан. Бұл тоқтау жалпы дамуының төмендігінен, тәртібі мен өзін-өзі алып жүруінің нашарлығынан байланыстырады. Мұны былай түсінуге болады, кәсіби өзін-өзі анықтау -үлкеюдің, өзін-өзі сыйлаудың, өзіндік "МЕН-ін" қалыптасуының басты компоненттерінің бірі.

Кәсіп таңдау белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өмірден бір зат алуы, оған килігуін танытады. Ол өзінің объективті мүмкіншіліктерін (балалық шағында музыкаға үйренбеген кісіге, әлбетте, консерваторияға түсу қиын) және өзінің қабілетін бағалауды жинайды. Сонымен бірге оған субъектінің өзі түсінбеуі мүмкін. Кәсіптік талаптар әсер етеді. 15-17 жастағы бозбалалар мен қызбалалардың келіспеушілігі әрқашанда артықтау. Бұл дұрыс керек болса пайдалы, себебі жас адамды өсуге және қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелейді. Жастарды еңбекке дайындау мен кәсіп таңдау маңызды мемлекеттік іс. Жалпы тәрбие мен еңбек тәрбиесінің бірлігінің маңызды екендігі даусыз /5/.

Мектеп оқушылары қоғамдық пайдалы еңбекке тартылуы тиіс. Әрине олардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Тоғызыншы сынып оқушыларының әрі қарай оқуын қайда жалғастыруы арнайы және кәсіби дайындықты қайдан алу жан-жақты түсіндіріледі. Мектепте еңбекке үйрету үшін арнайы бөлінген сағаттың екі есе арттырылуы, мектеп шеберханалары мен оқу-өндіріс бригадаларында, жазғы еңбек лагерінде болуы, кәсіп таңдаудағы, еңбек негіздерін танудағы сатылар.

Кәсіптік-техникалық, арнайы орта оқу орындары мен оныншы кластарды толықтырулар мен кешенді қамтамасыз етуге жылдық және перспективалық жоспарларға сәйкес жалпы мемлекеттік мүдделер ескеріле келе кәсіби дамуында мамандарға деген сұранымы бар жергілікті ерекшеліктер ескеріліп және оқушылардың өз еркімен оқу орнын таңдауы арқасында жүргізіледі /9/.

Кәсіби бағдар - жеке тұлғаның әлеуметтік өзін-өзі анықтауының бір құрамддас бөлігі. Егер де ол әлеуметтік имандылық толған мен өмір сүрудің қажеттілігі туралы ой-толғаныс пен әркімнің өзіндік "МЕН"-і ұштасып қабысып жататын болса ғана, кәсіп таңдаудың тек сонда ғана берекесі болады.

Болашақ мамандыққа қатынас жасөспірімдік шақта болашақ туралы балалық балғын армандардың өз мүмкіндіктері мен өмірдің себеп-салдарымен ауысатын өмірдің кезеңі. Олар өз ниеттерін тәжірибелік іс-қимылға ұштастыруға құштар.

Алайда мұнда қимыл жеткіншектердің барлығына бірдей тән емес, кейбіреулері осы шақпен өмір сүреді, болашақ кәсібі туралы ойланбайды. Белгілі бір кәсіпке қызығушылықты әр түрлі кітаптар, адамдар, теледидар, экскурсиялар оятуы мүмкін.

 

1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырудың

негіздері

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде керек болатын білім беру, оны алдын-ала белгілі бір мамандыққа дұрыс икемдеп даярлау. Оқушының ел ертеңі үшін нағыз азамат болып тәрбиеленіп шығуы үшін мектептердегі қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар өнім шығарумен айналысып, өткізіп табыс табуда.

Осыған орай мектеп жасындағы балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасауды, еңбек сабақтарын да көбейтуді керек етеді. Мектеп тек қана орта білім беру емес, сонымен қатар жасөспірімдерге арнайы еңбек дағдыларын үйретіп, кәсіптік даярлықтан өткізу керек деген идея реформалардың негізі болып отыр.

Республикамызда оқушыларға кәсіптік бағдар беру күрделі әлеуметтік-психологиялық жүйе болып табылады. Ол халық шаруашылығының дамуына техника мен өнеркәсіптің өркендеуіне, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуді талап етеді. Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептердің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы араласуына, біртұтас еңбек политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың пайдалы қоғамдық еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.

Кәсіптік бағдар - бір-бірімен тығыз байланысты салалардан тұратын біртұтас жүйе. Атап айтсақ олар кәсіптік ағарту іс-әрекетінің саласында оқушылардың ынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік таңдау кәсіптік бейімделуді білдіреді /14/.

а) Кәсіптік ағарту - оқушылардың әлеуметтік-экономикалық,
психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар
туралы білім жиынтығы. Сол кәсіптің біреуін дұрыс таңдауға жағдай
жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын
дұрыс тәрбиелеу техникалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсінуін
қарастыру. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде, олардың әр саладағы
кәсіптік қызметке қызығуы мен бейімделуінің сәйкес келуі үлкен орын
алады.

ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу, жеке кісіге әсер ету психологиялық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың мақсаты, ой-өрісі, мұраты пәндерді сапалы оқытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына бейімділігіне белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі.

б) Кәсіптік ақыл-кеңес беру арқылы оқушылардың өздеріне тән
ерекшеліктерін таңдаған кәсіптерінің талаптарына баса назар аударады. Бұл
төмендегідей формада өткізіледі: диагностикалық ақыл-кеңес
оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес
және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталған.

Анықтама: Ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға немесе жұмысқа қабылдау түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі дайындық мерзімі еңбек ақы төлеу жүйесі, кәсіптік біліктілікті арттыру жолы хабарланады. Қалыптастырушы ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауына басқаруды көздейді. Ол уақытқа созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіптік таңдауға қатынассыз өзгеруіне байланысты болады.

Дәрігерлік кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психологиялық физиологиялық құрылымын таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психологиялық, физиологиялық көрсеткішін анықтайды. Мамандық туралы кеңес беруден бұрын бастауыш сыныптардан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер, оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқудан тыс уақыттан әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болуы керек /26/.

Кәсіптік бағдардың келесі кезеңдерінде мамандық таңдау, зерттеу, түрлі анкеталар бойынша жүргізіледі; өзін-өзі бағалау анкетасы ата-аналар үшін анкета, бейімділік картасы, оқушылардың белгілі бір мамандыққа қызығуы мен қабілеті жөнінде сынып жетекшілерінен алынған мәліметтер. Бұл мәліметтер әр оқу жылына сәйкес бөлініп, арнайы бланкілерге толтырылады. Оқушылардың кәсіптік қабілеттерін бағалауда мұғалімдер едәуір қиналады. Себебі, ол бір жағынан мамандық таңдауды адамның психологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптарды білуді, екінші жағынан мамандық тандаушының жеке қабілеттерін зерттеуді қажет ететін.

Мамандық туралы кеңес берудің келесі сатысы - жиналған мәліметтермен танысу және талдау жасау. Бұл жауапты кезеңде талдаудың тереңдігі мен жан-жақтылығы консультанттың алдын-ала қоятын сұрақтың нақтылығына, сапасына тікелей әсер етеді. Оқушы туралы консультант жалпы мәліметтермен танысады, оның қабілеттерімен салыстырып оқушының болашақ. мамандық таңдау бағыты туралы пікір айтады. Сонан соң арнайы құрастырылған әдіс бойынша жекеше диагностикалық әңгіме өткізіледі. Онда жоғары сынып оқушыларының таңдаған мамандығына даярлық деңгейін талқылап, оның сол мамандық жөнінде ақпар жинауының керекті қабілеттері мен икемділігін дамытудың үйірмелерге факультеттерге, өнімді еңбекке қалыптасудың бағдарламасы белгіленеді /27/.

Жеке әңгімеде жасөспірімнің белгіленген бағдарламаны іске асыру жолында кездесетін қиындықтарды анықтаудың мәні зор. Әңгімелесу кезінде оқушының өз бетінше даярлану түрлері мен жолдары оның қоғамдық маңызына, болашақта атқаратын әлеуметтік рөліне аса көңіл бөлген дұрыс. Әңгіме үстінде оқушы өзі таңдаған мамандықтың профессиограммасымен жұмыс істейді. Бұл оған өз күшін объективті бағалауға, мақсатына жету үшін бойындағы резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Әңгіме аяқталған соң оқушы туралы мәліметтер

қортылып, оған таңдаған кәсіптік бағыт пен жетілдіру жолдары туралы ұсыныс беріледі. Бұл жұмыста жоғары нәтижелерге жету үшін әр оқушыға жеке әсер ету әдісі белгіленеді және олардың негізгі мектеп пен сыныптың кәсіптік бағдары туралы жоспарларына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Жалпы және жеке оқушылармен жүргізілетін келесі оқу жылдарына арналған жұмыстардың мазмұндары анықталады. Мектеп Зерттеушілерге кәсіптік бағдар жөніндегі қабілеттері туралы өткен оқу жылдары бойы жинақталған мәліметтер ескеріліп ұсыныс мінездеме беріледі. Сонымен көптеген дұрыс жолға қойылған кәсіптік консультация беру жұмысы барлық педагогикалық ұжымның жаппай күш жұмылдыруын талап етеді және жасөспірімдердің мамандық таңдауының баға жетпес реттеуші рөлін атқарады.

в) Кәсіптік таңдау. Ол мектептен тыс, арнайы лабараторияда және
таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағдайына байланысты
жүргізіледі. Кәсіптік таңдаудың мақсаты - адамның белгілі бір еңбекке
жарамдылығын анықтау кәсіптік таңдау кәсіптік бағдардың негізгі бір
бөлігі болып саналады.

г) Кәсіптік бейімделу жас адамның өндіріске жаңа әлеуметтік ортаға
еңбек жолдарынан және бір мамандық ерекшелігіне белсенді араласуы /30/.

 

Кәсіби бағдарды басқарудың функциялары.

 Кәсіби бағдардың негізгі басқару функцияларына мыналар жатады: жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ақпаратты қызмет, кәсіби басқарудың өзіндік функциясына диагностикалық тәрбиелеуші, дамытушы, түзетуші, сенімді кызметтерді жатқызуға болады. Жоспарлауға басқарудың ықпал ету мақсаттарын шешімін қабылдау, оның кезеңдерін іске асыруды анықтау, қажетті қорлар орындаушылары мен орындау мерзімі кіреді. Ұйымдастыру функциясы басқарудың объектісі мен субъектісінің құрамын анықтайды. Олардың өзара қарым-қатынастары іс-әркеттерін жүзеге асыруды талап етеді. Түзету функциясы бұған оқушылардың кәсіби бағыт таңдау кезінде олардың шешімдерінің оң тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін басқару орындарының іс-әрекетін реттеу, түзету және белсенді көшу жатады.

Кәсіби бағдар жұмысының жоспарларын орындау сәтіндегі талап пен қалыптасушылықты анықтап отыратын басқару жүйесінің нәтижелерін есепке алу мен таңдау жасау, бақылау функциясына жатады. Ақпаратта қызмет басқарудың объектісі мен субъектісі арасында белгілі ақпарат болуын қамтамасыз етеді. Кәсіби бағдар кезеңінің ішкі және сыртқы жағдайы тура. Кәсіби бағдарды басқарудың бағдарламасы мақсатты әдістің тиімділігі, содан мақсатты анықтауды, дәлелдікті жоспарланған шаралардан ұзақ мерзімділігін стратегиялық және практикалық міндеттердің шешуін оқушыларға кәсіби бағдар беруші дамыту арқылы ғана іске асады.

Бірінші кезең жеке адамға қоғамдық ұйымдастыру әлеуметтік жағдайдың әсерімен болатын өз мақсатын белсенді түрде іздеу кезеңі. Екінші кезең - өміріндегі өз орнын таңдау және мақсатын толық, терең түсінуі. Үшінші кезең - бұл өмірлік құндылықтарды жеке адамның жүзеге асыру кезеңі /16/.

Мамандық таңдауға ықпал ететін күштер нәтижесі. Сонда ғана тиімді болады. Егер олар жеке адамның барлық жағын қамтып отырса жас жеткіншектердің мамандық таңдауы мамандық таңдау процессі бұл адам баласы өзінің кәсіби бағдар іс-әрекетінің субъектісі ретінде танығанда ғана анықтайды.

Оқушының мамандық таңдауы табысты аяқталуы үшін оған кәсіби шарттың қажетті болуы шарт. Кәсіби шарттар дегеніміз - сол тандаған мамандығына орай психикалық, физиологиялық және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және сол мамандық талап ететін қабілеттерге икемділік таныту.

Мамандық таңдау процесіне кәсіби сана-сезім көп әсер етеді; жеке адамның өз мақсаттарына ұстаған идеясына сәйкестендіру мен ойлаған құндылықтарының өз мүмкіндіктерімен сайма-сай келеді. Жоғарғы мектеп жасындағылар үшін жетекші іс-әрекет дегеніміз - бұл оқу, білім алу. өйткені ол өз күшін болашақта болатын мамандығына қажетті пәндер мен білімге көп көңіл бөле отырып жұмсайды. Оқушылардың барлық іс-әрекеттері өзара байланысты және ұйымдасқан психологиялық ықпал жасаса, оқушы өз мамандығын таңдау жолында кездесетін қарама-қайшылықтарды шешуге болады. Оқушы жастардың кәсіби бағдар таңдауына тиімді басшылық жасау үшін белгілі бір көрсеткіштерді негіз етіп алу қажет. Олар:

  • Оқушының хабар алуы, таңдаған мамандыққа оқып-үйрету үшін оқу
    орындарын білуі, оның кәсіптік мазмұнын білуі, елдің экономикасына
    сай ақпар бойынша мамандарға сұраныстың болуы.
  • Кәсіби қызығушылык бойынша мамандық тандауы.
  • Кәсіптік тандауда оқушының қоғамдық маңызы зор мемлекетке
    керекті мамандықты таңдауы.
  • Белгілі бір кәсіпке арнайы қабілеттердің бар болуы (өнерге, спортқа).
  • Таңдаған мамандық бойынша еңбек тәжірибесі (үйірме,
    факультативтік пәндер тобына қатысуы).
  • Кәсіптік ойынға қатысуы.
  • Кәсіптің икемділіктің нақты дәрежесі.
  • Денсаулық жағдайы, дәрігердің көрсетуінше кәсіпке жарамдылық /19/.

Оқушылардың кәсіпті таңдауы әр сатысы арқылы көрінеді. Осы себепті бағдардың психологиясын, мәнін білу, жеткіншектердің психологиясын және жас ерекшеліктерін игере отырып, оның даму сатыларын анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыларда кәсіби таңдаудың қалыптасуының негізгі - кәсіби бағдар жұмысының басты саласы болып саналады.

Е.А.Климов оқушыларды кәсіптік ерекшеліктерімен таныстыру кезінде мынадай негізгі схеманы қолдану керек екендігі туралы кеңес береді /8, 39бет/. Ең алдымен кәсіптің жалпы ерекшеліктерінен бастаған жөн. Оның қоғамдық-экономикалық маңызын тарихи мамандықтарға бөлуін ашық

түсіндіріп мұндай мамандықтың қандай кәсіпорындарда немесе мекемелерде бар екенін айту керек. Мәселелердің екінші бір негізгісі еңбек барысын суреттеу болады. Мұндай жұмыстың негізгі әдістері, операциялары, жұмыс орны, қолданатын материалдар мен техникалық құралдар, олардың жемісі құрастырылады. Үшінші жұмыстың ұйымдастырушылық жағымен байланысты. Еңбек ерекшеліктерінің төртінші тобы біздің пікірімізше өте маңызды. Бұл жерде жұмысшыға, оған қойылатын талаптар туралы сөз болады. Оған мамандықты игеруге қабілеттер және басқа да жекелеген қасиеттер жатады. Қарастыруға тиіс сұрақтардың бесінші бөлігі - еңбек шарттары. Сұрақтардың алтыншы тобын дайындық құрайды. Оған жалпы және арнаулы білім талаптары, мамандықты игеру жолдары, жеке білімін кайта жетілдіру мүмкіндіктерін құрайды. Озғанбаева жастардың мамандық таңдау барысында кездесетін таңдаудың бес кезеңін бөліп көрсетті/20/.

Бірінші кезең жасөспірім сегізінші сыныпты аяқтаған соң туындайды. Бұл кезде жасөспірімде қандайда бір арнаулы орта оқу орнына бару (қолледж) немесе жалпы білім беретін мектепті жалғастыру барысында таңдау қажеттілігі шығады.

Екінші таңдау оқиғасы - орта мектепті аяқтаған соң болады.

Үшінші кезең - мамандықты анықтау болып табылады (мамандық өте кең мағыналы ұғым оған бірнеше арнаулы мамандықтар енеді: Мысалға, заңгер, адвоқат, прокурор, нотариус, сот бола алады).

Төртінші кезең - арнаулы мамандық таңдау.

Бесінші - нақты жұмыс орнын таңдау.

Б.Косов мамандық таңдаудың төрт кезеңін көрсетеді /21/.

  1. Әртүрлі мамандықтағы адамдарды бейнелейтін балалар ойыны.
  2. Бұл өтпелі кезеңде балалар арманнан туындайтын керемет
    мамандықтарды бейнелейтін фантазия. Бүкіл өтпелі кезең мен
    бозбалалық кездің бір бөлігін қамтиды. Осы кезеңде әртүрлі іс-әрекет
    түрлері өздерінің мүмкіндіктеріне қарай және құндылықтарына сай
    жинақталады, бағаланады.
  3. Нақты мамандық таңдау жүзеге асады.

Бұл кезең екі бөлімнен тұрады. Болашақ жұмыстың деңгейі қандай және нақты мамандықты таңдау. Социологтың зерттеулері бойынша бірінші болып білім деңгейі анықталады, кейін нақты мамандық таңдалады. Кәсіп тандауда зерттеушілердің айтуынша, таңдау кезінде негізгі қиындатушы факторлардың бірі кәсіптің көптүрлілігі және оқушылардың кәсіп талаптарын жеке түсінбеуі болып табылады.

Жоғарыда көрсеткеніміздей қазіргі замандағы техникалық прогресс жағдайында мамандық саны ондап, мыңдап жетеді. Бұл жерде дұрыс бағдар алу өте қиын. Сондықтан әртүрлі мамандықтарға оқушылардың қатынасын олардың мәртебесін, тартымдылығын әрдайым ашып көрсету қажет мамандыққа жарамдылық - бұл адамдардың белгілі бір жұмысына сәйкес келуі.

Кәсіби бағдар беру жүйесінде әлеуметтік және психологиялык фактордың ықпалы зор болып табылады. Әлеуметтік жағдайлардың негізгі

фактордың сыртқы объективті факторды (мекен-жайы, мектептің орналасуы, ата-анасының қызметі мен мамандығы, мектептегі кәсіптік бағдар ерекшеліктері) жатқызуға болады.

Бұл сыртқы факторлардың әсері субъективті ішкі себептер: табиғи қасиеттері (жасы, жынысы, темпераменті, қабілеті) оқушылардың тұлғалық индивидуальды касиеттері және құндылық бағдары арқылы өзгертіліп, сондықтан да кәсіби бағдар жүйесінің психологиялық негізі ішкі алғы шарттардың жай тең әсерлері түрінде емес, субъектінің сыртқы әлемімен үздіксіз қарым-қатынас процесінде қалыптасады және ол жеке адам дамуынан бөлінбейтін күрделі де ұзақ процесс болып табылады.

Кәсіби бағдар беру жүйесі оны сыртқы факторлармен байланыстыратын субъект іс-әрекетінің пайда болуы, ұлғаюы тереңдеуімен байланысты. Сонымен қатар кәсіби айкындаудың өзі сол әрекетті бағыттайтын, күштейтін, түзейтін, оны өзгертетін яғни оның өту сипатын функционалды түрде айқындайтын компонентті ретінде қарастырылады. Мектептегі жоғарғы класс оқушыларының кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырғанда жоғарыда айтылған жеке адамның индивидуальды ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігі басым болады. Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің жеке тұлғалық маңызы алғы шарттарының барысын негізгі екі топқа жинақтауға болады /23/.

Бірінші топқа мамандық таңдау мәселесін ойдағыдай шешуді қамтамасыз ететін, бірақ ол процесті жандандыруға қатыспайтын жеке адам ерекшеліктері жатады. Мұндай ерекшеліктерге еңбекқорлық кәсіби және өмірлік тәжірибенің болуы, адамның жалпы өмірлік және әлеуметтік кемелдену деңгейі жатады.

Екінші топқа мамандық таңдау процесін жандандыратын және кәсіби бағытталудағы талғампаздықты тудыратын жеке адам бағыншылығының компоненттері, қажеттілік кәсіби мотив кәсіби қызығулар мен бейімділіктер, сенім, бағдарлар, құндылық бағдары, қабілет ерекшеліктерін жатқызуға болады.

Екінші топтың негізгі компоненттері, кәсіби айқындалуға қажеттілік, мотив және кәсіби қызығулар. Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің кезеңі -жастық шақ үшін дамудың жаңа маңызды қайнар көзінің пайда болуын көрсетеді. Ол жеке адамның кәсіби айқындалуының қозғаушы күштері болатын түрлі қарама-қайшылықтардың тууына әкеледі. Жалпы түрде оларды оқушыда пайда болған қажеттілік пен болашақ мамандығының талаптарының және сол кәсіпті игеруге қажетті білім мен іскерліктер арасындағы қарама-қайшылықтар түрінде көрсетуге болады.

Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің ерекшелігі оның сол қажеттілік затын табудан бұрын пайда болып табылады. Субъектімен заттың әлем арасында нақты әрекетті байланыс тууының қажетті алғы шартты кәсіби қызығудың болуы. Осы жағдайда жоғары класс оқушыларының әртүрлі іс-әрекетке байланысты туған көптеген қызығулары, жоғарыда айтылған сыртқы факторлар мен жеке адам арасындағы қарым-қатынастың потенциалды мүмкіндігінің пайда болуына әкеледі.

Кәсіби еңбекте өз күштерін жұмсай алатын саланы таңдауға байланысты жеке адам іс-әрекетінің тереңдігі үрдістері, шын мәнінде мүмкіндік пен ақиқат, социум мүддесі мен жеке адам қызығулары, бейімділіктері арасындағы нақты қарама-қайшылықты шешуге тіреледі. (Ю.В. Укке "О психологических основах профессиональной ориентации" 1981,95 бет). Мұндай жағдайда болашақ маманның кәсіби қалыптасу осы қарама-қайшылықты шешу болып табылады /31/.

Сонымен қатар теориялық-практикалык тұрғыдан оқушыларды қалай түсінетіні де маңызды. Адамға әсер ететін барлық факторлар әрқашан да түсінікті бола бермейтіні белгілі, ал олардың адамның шешімі мен қылықтарына объективті әсерлері тіпті де дұрыс бағалана бермейді. Көбінесе адам қылықтарының мотивтерін өзіндік түсіну, әсер етуші факторлардың нақты әрекетімен теңестіріледі. Осыған орай мотевациялық сфераның психологиялық заңдылықтарын білу, жеке адам іс-әрекетіне елеулі түрде әсер етуге мүмкіндік береді.

Мамандықты саналы түрде таңдау немесе саналы кәсіби айқындалу күрделі іс-әрекет болғандықтан мотивацияның ұзақ мерзімді болуын шамалайды. Ол мотивтер күресінсіз іске аспауы мүмкін. Мектептегі кәсіби бағдар жүйесінде мамандық таңдау кезінде оқушылар пән мұғалімдері немесе өзі үшін ерекше тартымды көрінетін маманға еліктеуді жиі басшылыққа алады, көбіне мамандық талаптарын ескермейді. Көп жағдайда мамандық мазмұнының ерекшеліктерін оған өз бойындағы тұлғаның индивидуалды қасиеттерінің сәкестігін ескермей, оның тек сыртқы жағы мен қоғамдык әлеуметтік беделіне көңіл аударады.

Психологияда жүргізілген бірқатар зерттеулер бойынша мамандық таңдауда неғұрлым көп кездесетін мотив еңбек мазмұны қызығу, екінші - еңбектің қоғамдық маңыздылығы, үшінші - материалдық қызығушылық, төртінші - адамгершілік, беделі, бесінші - жеке адамның бейімділігіне сәйкестілігі анықталған /24/. Міне осы жайттың ерекшеліктеріне мән берудің маңызының зор екенін көреміз. Жалпы алғанда мамандық таңдау мотивтері оқушылардың жеке дара және жастық ерекшеліктеріне байланысты күрделі ұжымының талаптарына тәуелді. Жоғары класс оқушыларының кәсіби айқындалу мотивациясының өзгеру динамикасын құрастыру жастық шақта таңдаған мамандыққа қызығу мотиві жетекші орын алатынын көрсетеді /32/.

Екінші орында үй жағдайының мотивтері мамандықтың қоғамға маңыздылығы тұрады. Есейген сайын мамандыққа деген қызығу жеке адамның өз басының индивидуальды қасиеттері бағалауы күшейе түседі. Мамандық таңдауға әсер ететін мотив жүйесін анықтауды С.А. Крягжде қолға алған. Ол қала және ауыл оқушыларын зерттеу нәтижесінде кәсіби айқындалуға әсер ететін жалпы заңдылықтарды анықтаған. Оқушылардың кәсіби айқындалуына әсер ететін негізгі себептер қызығулар, бейімділіктер және қабілеттер екені анықталған.

Жоғары класс оқушыларында жиі кездескен басқа да себептерді жақсы табыс, мамандылықтың қоғамға маңыздылығын өз бетінше жұмыс жасау, достарымен жақсы қарым-қатынаста болу, денсаулык жағдайлары т.б.

ажыратқан. Сонымен мектеп түлектерінің кәсіби айқындалуы кәсіби бағыттылық негізінде де және онсыз да іске асырылуы мүмкін екені айқындалады. Оның болашақта дамуы немесе ЖОО-ның оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық-педагогикалық жағдайларға байланысты. Демек мамандық таңдау мотивті болған кезде де кәсіби айқындаудың табыстылығы туралы толық кепілдік беруге болмайды.

Жоғары класс оқушыларында мамандыққа деген тұрақты оң көзқарасты қалыптастыру тек қана оқу-кәсіптік немесе кәсіби іс-әрекет барысында жасалады. Сонымен жоғарғы класс оқушыларындағы мамандық таңдау - кәсіби айқындалудың келесі кезеңіне өткендігІнің ғана айғағы, одан кейін даму динамикасы басқа жаңа факторлармен анықталады. Мектептегі кәсіби бағдар жүйесінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды, мотивациялык сферасынан басқа эмоциялық-еріктік және танымдық тұлғалық, индивидуалды саналы қасиеттер сферасының маңызы зор.

Кәсіби бағдардың эмоциялық еріктік компоненті ең алдымен мамандыққа деген эмоциялық қатынасын мамандыққа қанағаттануымен болашақ мамандықка даярлығынан көрінеді. Кездескен қиындықтарға қарамай іс-әрекетте табысты нәтижелерге жете білу бейімділігі өзінің іс-әрекетке қабілеттілігін жете түсініп, соған дайындығын көрсетеді.

 

ІІ. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, үйлестіру

мен бақылау

Кәсіптік бағдарды басқару процесінің алғашқы кезеңі - жоспарлау. Ол жеткіншектерге байланысты кәсіптік бағдар беруді басқарудың жүйелігін, сабақтастығын, үнсіздігін, отбасының, тіректік базалық өндіріс шаруашылығының және қоғамдық ұйымдардың ықпалын қамтамасыз етіп, ыңғайсыздыққа жол бермейді. Жоспарлаудың ерекшелігі - оның ғылыми негіздігі. Жоспар басқару объектісінің жалпы жағдайын, оны орындалуының нақты шарттарын көрсетіп, кәсіптік бағдар мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететіндей болу керек /25/.

Кәсіптік бағдар жұмысының жоспары оқу жылына арналып жасалғаны жөн, бұл жеткіншектердің кәсіптік бағдар алуының қалыптасуын айқындауға, нәтижелерін мұқият қадағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлағанда өндіріс орындарын, жеткіншектердің тұрмыс-тіршілігін еңбек мүмкіндіктерін ескеруі қажет. Жоспарлау кәсіптік бағдар процесін өзара байланысты кезеңдерге бөліп, жеткіншектердің жас шамасына қарай әркеттерді іріктеп асыруға мүмкіндік береді.

Жедел басқарудың күнтізбелік жоспарын құру - жоспарлаудың ең тиімді түрі болып табылады /10/. Себебі онда ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есептеу мен талдау жұмыстары қарастыралады. Өнеркәсіптік басқару жоспарының негізгі күнтізбелік кесте түрінде жасалады. Кестеде көлденеңінен оқу апталары тігінен өткізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының түрлері орналастырылады. Кестенің ұяларында өткізілетін

қажет іс-әрекеттер әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы белгіленеді. Кестемен жұмыс істеуді жеңілдетіп, жеткіншектердің қатысуы деңгейін қадағалау үшін аты-жөнінің орнына, орындаушылардың реттік нөмірлерін енгізген жөн. Күнтізбелік апта ішінде өткізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарын жеткіншектерге кәсіптік бағдардан хабарлама беруді - қызыл, қоғамға пайдалы еңбекті - көк, жеке немесе топтық консультацияларды (ақыл-кеңес) жасыл диагностикалык (алдын ала болжау) әрекеттерді -көгілдір бейімдеу әрекеттері оқу-өндірістік практика - сары түспен белгілейді.

Күнтізбелік жоспардың ерекшелігі кәсіптік бағдардың әсер ету шараларының қайталанбауына уақыт үнемдеуге, шараларды дер кезінде түзетуге және реттеуге оқу-тәрбие жұмысында әр түрлі кәсіптік бағдар шараларының толықтығын қадағалауға мүмкіндік береді.

Әрине жедел басқарудың күнтізбелік жоспарының барлығы мектепке кәсіптік бағдар берудің деңгейі жан-жақты көрсететін жиынтық жоспар жасауды жоққа шығармайды. Қайта ол жедел басқару жоспарымен қосылып жеткіншектердің кәсіптік бағдар алуын одан әрі жетілдірудің маңызды құралы болып шығады. Перспективтік және жедел жоспарлау кәсіптік бағдар жұмысын тыңғылықты жоспарлауына көмектеседі, жоспарға қойылатын талап - оның тәрбиелік мәнінде.

Кәсіптік бағдарды басқарудың міндетті қызметі - кәсіптік бағдар жұмысын тек мектеп ішінде ғана емес сондай-ақ, мектеп пен басқа да әлеуметтік институттар арасында жеткіншектердің мамандық таңдауын үйлестіру. Бұл жұмысты кәсіптік бағдар кеңесі басқарады, ал оның жұмысшы органы -оқу әдістемелік кабинет /34/.

Кәсіптік бағдар жөніндегі оқу-әдістемелік бөлменің негізгі қызмет бағыттары - кәсіптік бағдар беру жұмысындағы озат тәжірибелерді көру, оны мұғалімдер арасында насихаттау, кәсіптік бағыттың түрлі мәселелері бойынша семинарлар өткізу. Бұл жұмыс жалпы кәсіптік бағдар жоспарына енгізіледі. Жеткіншектердің мамандық таңдау әрекеттерін ұйымдастыру кәсіптік бағдарға басшылық етудің маңызды кезеңі болып табылады. Адамның ерекше қасиеттері мен жеке басының дамуы қоғамның тәжірибесін бойға сіңіріп, әр түрлі іс-әрекеттерге қатысу деңгейіне байланысты.

Адамды кез-келген іс-әрекеттер емес, оның қоғамға керекті, перспективалык дамуын аша алатын әрекеттер қалыптастырады, сондықтан адамның негізгі іс-әрекеті еңбек болып табылады. Адамның еңбек қуаты шексіз. Ол әлеуметтік-техникалық прогрестің дамуына, шапшаңдауына және барған сайын түрленіп, өзгеруіне байланысты. Адамның қалыптасуы оның қажеттілік жүйесінен, қабілетінен құндылық, бағыт - бағдарынан құралады. Сондықтан жеткіншектердің мамандық тандауын басқару үшін олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру өте маңызды.

Оқу-тәрбие процесінің негізгі бөлігі ретінде жеткіншектердің қабілетін жан-жақты дамыту жолында олардың іс-әрекеттерін төрт түрге бөлеміз, білім алу, қоғамға пайдалы еңбек, өнімді еңбек қарым-қатынас. Іс-әрекеттердің бұл түрлері мамандық таңдау туралы консультация беру, мамандыққа бой үйрету сияқты бағыттармен ұштасып жатыр.

Мамандық таңдауда жеткіншектердің іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы негізгі шарт - олардың белсенділігі және кызығуы, тек осы жағдайларда ғана өз мүмкіндіктерін іс жүзіне асыруға жағдай туады әрі әрекеттерінде мақсатты себеп туындайды. Әр түрлі кезеңдегі кәсіптік бағдар жұмыстары бақылауда мазмұндығымен анықталады.

Кәсіптік бағдар жұмысында жиынтықты бақылау маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, идеялық-адамгершілік, психология жағынан жеткіншектерді өздерін қалаған мамандығына даярлау. Бақылаудың негізгі түріне жататындар: ағымдағы, кезеңді, қорытынды бақылаулар.

Ағымдағы бақылау мұғалімдер әр түрлі үйірмелер мен бірлестік жетекшілері, дәрігерлік қызметкерлер, кітапхана, жоспарларының жұмысын қадағалаумен байланысты. Кезеңдегі бақылау әдеттегідей кәсіптік бағдар айлығы экскурсия, ең жақсы мамандық конкурсы жүргізіліп, оның қорытындысына байланысты "Мен және менің мамандығым", "Менің кәсіптік жоспарым", т.б. тақырыптағы шығарма, сол сияқты жеткіншектердің активінің жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін /36/.

Ағымдағы және кезеңді бақылаулардың нәтижелеріне орай қорытынды бақылау жасалады. Ол жоғарыда айтылған тәсілдермен жүргізіліп, жігіттер мен қыздарға қандай мамандық алу туралы нақты ақыл-кеңестер беріледі. Қорытынды бақылау кәсіптік бағдарда саналық әрі сандық көрсеткіш бола алады. Әр жылда жазылатын кәсіптік бағдар мінездемелеріне сапалы көрсеткіштер, атап айтқанда, білімі, қызығуы, тиімділігі, қабілеттілігі, кәсіпті бағалауы енгізіледі. Сандық көрсеткіш жеткіншектердің кәсіптік ниетін білдіреді.

Жоғары кластағыларды мамандық таңдау туралы шешім қабылдаудың жалпы кестесі (сызбасы) төмендегідей міндеттерді ұсынады:

  1. Мамандық әлеміне жалпы шолу жасау.
  2. Қоғамда жақын адамдар тобымен (санасуға болмайдындармен,
    санасу дұрыс деп ойлайтындармен, ұнатпайтын адамдармен)
    жағдайға байланысты мүмкіндіктер мен шектеулерді бөліп
    қарастыру.
  3. Таңдаудың қосалқы нұсқасының мүмкіндіктерін ескере отырып,
    өз мамандығының формулаларына сәйкес мәліметтер жинау.
  4. Қажет жағдайда өзі үшін өз мамандығының формуласын анықтау.
  5. Жаңа мамандықты меңгеру жолында қадамды ойлану.

6. Оны маңызды адамдарға жариялау, толық шешім қабылдау /37/.
Мамандықты таңдау мәселесі мектептің жоғарғы кластарында толық

талқыланады және сезіледі. Басты автономиялы, әлеуметті институт отбасы жоғары класс оқушысының кәсіп таңдауына үлкен ықпалын тигізеді.

Бұл туралы кәсіби қадамды жобалау мәселелері шеңберінде отбасы мүшелерінің үлкендері мен кішілерінің арақатынасының мүмкіндіктерінің әр түрлілігі туралы мәліметтер куәландырады.

1. Оқушыға таңдауда толық ерік беріледі, оның шешіміне араласпайды. Бұл жерде өмірлік және кәсіптік тәжірибелерінің үрдісін бұзып, үлкендер

мәселеге араласпайды. Сол арқылы олар өздеріне өмірдің қиын жағдайларын туғызатын балаларын өз бетінше қалдырады.

2. Ата-аналар, үлкендер болашақта кәсіп таңдау мәселесіне араласады,
бірақ олар таңдаған кәсіптерімен келіседі, әрі оны іске асыруға әрекет
етеді.

3. Үлкендер баланың таңдауымен келіспейді, әрі төмендегідей
позициялар ұстанады:

а) Өзінің жеке тәжірибесінен білетіндіктен бала таңдаған мамандыққа
барынша қарсы әрекет етіп, жоғары класс оқушысына өзі ұсынған немесе
нақты мамандықты таңдауына бар мүмкіндігін жасайды.

б) Бала таңдаған мамандықты өз тәжірибесінен өте жақсы
білетіндіктен, бұл мамандықты таңдауына өте карсы болып, қандай
мамандықты қаласа да, тек бұл "мамандық емес" деп қарсы әрекет ету.

в) Ата-аналар балаларының мамандын таңдауына шек қоймайды, бірақ
басқа кәсіби білім беру варианттарын жоққа шығарып, білімнің маңызына
баса назар аударады.

Е.А.Климов ата-аналар ұстанған позициялардың бірде-бір варианты балаларының мамандықты дұрыс таңдауына мүмкіндік бермейді деп көрсетеді /24/.

ТКБ құруда ата-аналардың төмендегідей позицияларына пара-пар болады. "Кіммен (қандай адамдармен) болу керек?", "Қандай болу керек?", "Қай жерде, мен адамдарға пайдалы боламын?", "Қоғамға мен не бере аламын?" сияқты сұрақтарға дұрыс, нақты жауап іздеуіне атсалысып, жағдай жасайды және мамандық таңдаудың негізін қарайды.

Үлкендер жоғарыда аталған жағдайларды жасау үшін балаларды мамандық түрлерімен таныстырады. Баланың назарын мамандықтың түрлі жақтарына өз бетінше талдау жасауға аударады. Сонымен қатар, олар еңбекке құрметпен қарауға, қоғамға, адамдарға дұрыс қарауға тәрбиелейді, түрлі кәсіби бағыттарда күш сынап байқауға бағыт береді, балалармен кәсіби жоспарды талқылап, ақыл-кеңес береді, қалаған мамандықтары кәсіби білім беру орындары туралы түрлі қосымша мәліметтер табуға көмектеседі.

Бұл үлкендердің идеалдандырылған варианты екені түсінікті. Оны іске асыру "Отбасы - мектеп - кәсіби білім - денсаулық сақтау - еңбек сферасы жүйесінде күшті. Бірақ біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескерсек, берілген жүйеге қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұл қарама-қайшылықтарды ашып қарастырайық.

Бірінші қайшылық - жасөспірімнің қиын бақыланбаған, зерттелмеген мамандық әлемі туралы толық мәлімет ала алмауы мен мамандық таңдаудағы өзіндік және сапалы педагогикалық талаптары арасында.

Екінші қайшылық - жоғары сынып оқушысының болашақтағы кәсіби жолын ойлануымен байланысты іскерлік кеңестер мен қажетті жұмыс әдістері мен жеткілікті мәліметтерді беретін кеңесшілерінің жоқтығы арасында.

Үшінші қайшылық - тәжірибелі маман жоспары бір жағынан, екінші жағынан оның жеке берік қасиеттері ішкі субъективтік қайшылық арасында.

Төртінші қайшылық - жоғары сынып оқушыларының кәсіби жоспары мен құрдастарының, үлкендердің жасаған жоспарлары арасында.

Бесінші қайшылық - өндірістегі еңбек мәдени деңгейдің мектеп тәрбиесіндегі жоғары сұраныстары мен нақты жағдайлардағы шынайы деңгей арасында.

Алтыншы қайшылық - еңбек постылары, қызметтердің туындауының объективті талаптары мен адамдарда туындайтын берік қасиеттері арасында .

Бұл жерде ішкі субъективті қарама-қайшылық емес, адамдарда жарамдылықтың жоқтығы туралы айтылуда.

Новости