back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Республика күні
25-10-2023 14:38

Шашубай кентіндегі мәдениет сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараны кент мектебі ұйымдастырды. ????????????
Бұл күні көрермен білім ордасындағы үйірме қатысушыларының өнеріне куә болды. ????????????

Концерт Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Әрі қарай кент әкімі Нариман Мангишев шашубайлықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шашубай кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, түрлі салада еңбек етіп жүрген 12 маманға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. ????????????

Мереке әрі қарай концертпен жалғасты. Бұл күні шашубайлықтар хор, оркестр және жеке вокалдық топтардың өнерін тамашалады. Жас өнерпаздар мәдениет сарайын әнмен әрлеп, күймен күмбірлетіп, бимен мерекенің сәнін кіргізді.????????

Құрметті шашубайлықтар, сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!
Біздің еліміз үшін 25 қазан - тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы біздің қасиетті тәуелсіздігімізге жол ашқан Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Осы салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз! ????

Новости