2022-2023 оқу жылында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өткізілді.Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту,дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау,сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.Осы олимпиаданың мектепшілік,аудандық,облыстық жеңімпазы 6 сынып оқушысы Марат Мөлдір Қазақстан тарихы пәнінен аталды.Республикалық кезеңінде Мөлдір 3 орынға ие болды.Бұл үлкен жетістік!Болашақта оқушымызға сәттілік тілейміз!Сапалы дайындығы мен жақсы нәтижелері үшін пән мұғаліміне Базаев Жанибек Кайратовичке алғыс айтамыз.
Конкурс