Мектебімізде "Кәмпит темекіден тәтті" атты акциясы жүргізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау,адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру қажеттілігін,бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Оқушыларды өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін,аурудың алдын алуды үйрету,жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып,болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Акция аясында Жас ұлан және өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері жоғарғы сынып оқушыларына жадынама таратты.
"Кәмпит темекіден тәтті" акциясы