Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылы "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Осы бағдарлама бойынша мектепте апта сайын білім алушылардың жеке қауіпсіздігін сақтау туралы сынып сағаты шеңберінде "Қауіпсіз сабағы " - 10 минут өткізіледі. Ата-аналар жиналысында Бұқар жырау ауданының АПБ ЖПКБ УПИ полиция майоры А.Т.Бакишев, ТЖ жөніндегі орынбасары З. Б. Жумагулова, мектеп психологы И.А. Ибратуллова және Н.Б. Серикова, әлеуметтік педагог М.Б. Садыков, аға тәлімгер А. Шахан қауіпсіздік сабақтарын өткізу, балалар үшін ақпараттың маңыздылығы туралы түсінік берді. Мектепте апта сайын қауіпсіздік сабақтары шеңберінде 10 минут сынып сағаттары өткізеді
"Қауіпсіздік сабағы"