"Көрісу күні"
14 наурыз көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе реніш ұмытылып, кешіріледі. Бұл күні бүкіл жұрт шат-шадынан, көтеріңкі көңіл күйде болады. Соған орай мектебімізде ұлттық дүниетанымды насихаттау мақсатында тақырыптық бұрыш ұйымдастырылды.