"Мен және менің полицейім" акциясы
Бұқар Жырау ауданы ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция инспекторы Сейдіғалимов Нұрсұлтан "Мен және менің полицейім" акциясы аясында "Ботақара ЖББМ"КММ оқушыларымен "Жолдағы балалардың қауіпсіздігі" тақырыбында дәріс өткізді, сондай-ақ полицияның қызметтік автокөлігін көрсетті.
Әңгіме барысында тәртіп сақшысы өз қызметінің ерекшеліктері, неге дәл осы қызметті таңдағаны туралы айтып берді. Полиция қызметкері қандай жағдайларда арнайы дыбыс сигналдары, жарық құрылғылары қолданылатының, сондай-ақ құқыққа қарсы іс-әрекеттерді болдырмауда полиция машиналарының рөлі туралы таныстырды.