«Қош келдің, әз Наурыз»
«Қош келдің, әз Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
Концертке мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары атсалысып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік концертімізді Қыдыр атаның батасымен ақ жаулықты әжелеріміздің шашуынан бастадық. Мектеп оқушылары қазақ халқының ұлттық билерін билеп (Қара жорға, қамажай), ән салып өз өнерлерін көрсетті. Ұстаздарымызда қалыс қалмай өз өнерлерін көрсетті. Қазақ халқының ескіріп бара жатқан «Атастыру» дәстүрін көрсетіп оқушыларды қызықтыра алды.