back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Жас маманмен тәлімгердің I жартыжылдық жұмысы туралы есебі
13-01-2023 12:11
Жас  маманмен тәлімгердің I жартыжылдық  жұмысы туралы есебі

Жас  маманмен тәлімгердің Iжартыжылдық  жұмысы туралы есебі

 

Тәлімгер:Нургалиева Л.А                           Пәні:Қазақ тілі мен әдебиеті

Жас маман: Ахметбекова Ұ.Т.                   Пәні:Қазақ тілі мен әдебиеті

 

 «Жас маман» мектебінің мақсаты:

            Жас мамандардың жұмысқа дайындығын анықтау, психология, педагогика, сабақ беру әдістемесі мәселелері бойынша теориялық, ғылыми –әдістемлік деңгейін көтеру, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқу жұмысының формалары мен әдістерін оқып үйрену мен меңгеруін ұйымдастыру, жұмысын ұйымдастыруда практикалық көмек көрсету.     

«Жас маман» мектебінің құрылымы:

 Жас мамандар мектебінің құрамына жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған жоғарғы (орта арнаулы) оқу орнын жаңа бітірген жастар мен еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мамандар кіреді.    Жас мамандар мектебінің құрамын жыл сайын мектеп директоры бекітіп отырады. 

 

Жас маманмен жұмыс жоспар жылдыққа құрылған. Төмендегідей жұмыстар атқарылған.Ол мыналар: алдымен жас маманмен сұхбаттасып «Мектептің жұмыс режимімен және ішкі тәртібімен танысу»,ҰМЖ және ҚМЖ құрастырылуы бойынша әдістемелік көмек алу мақсатында әдістемелік отырыс болды.Жас маманға қысқа мерзімді жоспар жасауға көмек алу.Оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігін үйрену барысында дөңгелек үстел атқарылды.Өзіндік даму тақырыбын анықтау  дөңгелек үстел талқыланды. «Оқушының дәптерімен, күнделігімен жеке іс қағаздарымен» сабақ барысында қолданылуын саралауды тәлімгерлік отырыс,БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын,қорытынды шығару жолдарын, бағалау шкаласын талқылау тәлімгерлік отырыста анықталды.Сонымен қатар, жас маманға І тоқсандық қорытынды шығару бойынша, жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруды үйрену және жиынтық бағалауды жинақтап, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін үйренуі бойынша тәлімгерлік отырыс өткізіліп, ортаға салынып, талқыланды.

 

Мұғалімнің аты-жөні :Ахметбекова Ұ.Т

Сынып:8-9 «Б»

Тақырыбы:Сөйлеу мәдениеті,сыпайылық, әдептілік

2)Талдау  Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары  8.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.8.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

     3)Қандай әдістемелік көмек көрсетілді: Белсенді әдіс - тәсілдерді   ұсындым. Мәселен, жеке жұмыстан топтық немесе жұптыққа бөлінудегі әдіс - тәсілдер.

4)      Жұмыс нәтижелері төмендегідей меңгерілді:

 1-деңгей.Соңғы 3 сөйлемдегі дыбыстарды дауысты,дауыссыз түрлеріне топтастырып жазуды

2-деңгей.Өздерің ізденіп,осыған ұқсас мәтіндер табуды

3-деңгей.Грейстің жазбасы мен Асылым Османның естелігіндегі ақпаратты салыстырып,Венн диаграммасына түсіріуді меңгерді

 «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазуды.Мәселен,

Бас бармақ– басты мәселе.

Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек– бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?

Ортан терек– ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек– шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек– көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?

Сергіту сәтін жүйелі пайдалануды

Әр тапсырма Блум таксономиясы арқылы жүргізілетінің үйренді.

Новости