Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!
Балалардың отпен ойнауы кейде өрттің болу себебі болып табылады. Сіріңкелер - бала үшін ойыншық емес екенін бәрі біледі. Бірақ барлық ата-аналар өз балаларын қалай сақтап, қайғылы жағдайлардың алдын-алуды білмейді. Балаларға өрт қаупі туралы сезімді қалыптастыру керек, тұрмыстық техникамен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын және өрт кезінде дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру керек.
Құрметті ата-аналар! Өрт қауіпсіздігi ережелерін сақтауды балаларға үйретiңiздeр!