«Заречный ЖББМ» КММ-де 2024 жылдың 25 қаңтар күні «Күнделікті өмірдегі математика» математикалық сауаттылық апталық барысында 10-11 сынып оқушыларының арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынын математика пәні мұғалімі Б.М.Карибекова өткізді. Ойынның мақсаты: қатысушылардың жан-жақты ойлау қабілетін ескере отырып, білім меңгеруін кеңейте түсу. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, пәндердің бір-бірімен байланысын көрсету.
Пән мұғалімі ойын ережесімен таныстыра отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойынға 10 сыныптың «Гений империясы» мен 11 сыныптың «Қырандар» командасы қатысты.
Ойын ережесі:
Көрермендер ойыншыларға сұрақтар қояды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді. Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда ұпай көрермендерде қалады. Ойын үстелі 21 секторға бөлінген. Осы 21 секторда көрермендер дайындаған сұрақтар бар.Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін компьютер анықтап береді. Ойын екі топ арасында тең өту үшін тақ сұрақтарға 1 үстелдегі ойыншылар, ал жұп сұраққа 2 үстелдегі ойыншылар жауап береді. Егер топ жауап бере алмаса келесі топқа жауап беру рұқсат етіледі. Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай – ақ жауап беруге болады. Егер бұл сұрақ жауабы дұрыс болса, бұл 1 минуттық уақыттары келесі сұраққа жауап іздегенде қосылады.
Әділқазылар алқасы сайланды. Мектеп оқушыларының және ұстаздарының алдын ала дайындалған сұрақтары ойыншыларға қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін компьютер анықтап беріп отырды. Ойын кезінде «Қырандар» тобы «қара жәшік»-тің ішіндегі затты тапты және де музыкалық үзіліс түскен кезде «Гений империясы» тобының ойыншылары шырқата ән салды. Әділқазылар алқасының шешімімен және ойын қорытындысы бойынша 11 сынып оқушыларының «Қырандар» командасы 67 ұпай басымдықпен жеңіске жетті. Бүгінгі ойынға қатысқан барлық көрермендер мен ойыншыларға рахмет!
«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны