back-image
Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Заречный жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Математикалық викторина»
27-01-2024 09:17
«Математикалық викторина»

«Заречный ЖББМ» КММ-де 2024 жылдың 26 қаңтар күні математикалық сауаттылық апталық барысында математика пәні мұғалімі Б.М.Карибекова 5 сынып оқушыларымен «Математикалық викторина» танымдық ойынын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Танымдық ойын тоғыз «ой сергіту, ең зейінді, аукцион, жас эрудит, ең тапқыр, топ басшылар сайысы, жұбын тап, сурет сайысы, ойымда жалғастыр» кезеңнен тұрды.
«Ой сергіту» кезеңінде әр командаға кезек-кезек сұрақтар қойылып, тез мүдірместен жауап берген топқа бір ұпайдан беріліп отырылды.
«Ең зейінді» кезеңінде әр топтан 1-1 оқушы шығып , 50-ге дейінгі сандардың ішінен 5-ке еселік саннын орнына «жаңылмаймын» деп айту керек болатын. «Жаңылмаймын» деген сөзді неше рет дұрыс айтса, сонша ұпай алады. «Жай сандар» тобынан шыққан Дунгешов Абдуррахман мен «құрама сандар» тобынан шыққан Айтбек Алина мүдірместен топтарына 10 ұпайдан әкелді.
«Аукцион» кезеңінде оқушыларға сұрақтардың қиындығына қарай бағаланған сұрақтар қойылды. «100, 200, 300, 400» сандарымен берілген сұрақтарды оқушылар өздері таңдай отырып , жауап берді. Бұл кезеңде «құрама сандар» тобындағы Қабдраш Еркеназ мен топ басшысы Бақыт Нұрсұлу көп сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тобын алға шығарды.
« Жас эрудит» кезеңінде әр топқа әріп берілді,сол әріптен математикаға қатысты 3 минут ішінде көп сөз жазу керек болды. «Жай сандар» тобы «П» әрпінен басталатын 13 сөз жазса, «құрама сандар «тобы «Т» әрпінен 19 сөз құрастырды.
Сайыстың бесінші «ең тапқыр» кезеңінде әр топқа биология оқулығы беріліп, кітаптағы кез келген тақырыпқа сандарды қатыстырып әзіл есеп құрастыру керек болды. Оқушыларға 5 минут уақыт берілді. «Жай сандар» тобы «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларын салыстыруға», «құрама сандар» тобы адам денесінің өсуіне (сыныптастарыңның аяқ басы) есептер құрастырды. Екі топқада 10 ұпайдан берілді.

Новости