25.01.2024 жылы "Заречный ЖББМ" КММ-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп психологы Л.Ж.Тлеубаева ата-аналарға психологиялық көңіл-күй тренингін өткізді.Мектеп директоры м.а.Г.Д.Тусупбекова бірінші жартыжылдық бойынша білім сапасы мен мектеп оқушыларының жетістіктерін атап өтті.Тәрбие жұмысы орынбасары Г.А.Жаксылыковамектептің ішкі тәртібіне тоқталып өтті.Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ата-аналарды қолдау орталығы жұмыс жасайтынын атап өтті.Әлеуметтік педагог А.М.Габитова "Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі" тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Соңында әртүрлі мәселелер талқыланды.
"Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі"