МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ - МЕКЕНІ
Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-і 01 қыркүйек - білім күні 1-11 сынып білім алушыларына "Мектебім мейірім - мекені" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты; мектептің білім ордасындағы маңызын түсіндіру. Мейірімділік, оқу - білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білім құмарлыққа шақыру.