Физика секциясы
![Физика секциясы](/media/img/blogs/65af3aa0af2f6.jpeg)
Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Осы конкурсқа аудандық кезеңде жеңімпаз болған Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінің 10 А сынып білім алушылары Съезбек Айару мен Марат Ислам “Физика секциясы" бойынша өз жобаларымен қатысты. Жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Смагулова Қымбат Сериковна.Нәтижесінде "Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар" шығып,жүлделі I орынға ие болып, Қарағанды облысының білім басқармасының дипломына ие болды.