Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде
![Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде](/media/img/blogs/65af9bac9d533.jpeg)
Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 22-26 қаңтары аралығында «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» тақырыбында математикалық сауаттылық апталығы басталды. Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде 5-11 сыныптарға "Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде" саптық жиыны өткізілді. Бұл шараның мақсаты: математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.