back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Шахмат сайысы
26-01-2024 18:38
Шахмат сайысы

2024 жылдың 22-26 қаңтары аралығында "Математика айналамызда" тақырыбындағы математикалық сауаттылық  апталығының жоспарына сәйкес Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде 26-қаңтар күні 8-11 сыныптар аралығында шахмат сайысы өткізілді. Бұл шараның мақсаты: математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту. Сайысқа барлығы 12 білім алушы қатысты, нәтижесінде I орынды 9 «Б» сынып оқушысы Сейітқали Нұртас, II орынды 9 «Б» сынып оқушысы Қабылғазы Бексұлтан,  III орынды 8 «Б» сынып оқушысы Есполай Диас иеленді. Сайыс өте тартымды да қызықты болды. Сайысты ұйымдастырған математика пәні мұғалімі А.Ө.Аменова.                                         #математикалықсауаттылық2024

Новости