![Шахмат сайысы](/media/img/blogs/65b79baf61888.jpeg)
2024 жылдың 22-26 қаңтары аралығында "Математика айналамызда" тақырыбындағы математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде 26-қаңтар күні 8-11 сыныптар аралығында шахмат сайысы өткізілді. Бұл шараның мақсаты: математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту. Сайысқа барлығы 12 білім алушы қатысты, нәтижесінде I орынды 9 «Б» сынып оқушысы Сейітқали Нұртас, II орынды 9 «Б» сынып оқушысы Қабылғазы Бексұлтан, III орынды 8 «Б» сынып оқушысы Есполай Диас иеленді. Сайыс өте тартымды да қызықты болды. Сайысты ұйымдастырған математика пәні мұғалімі А.Ө.Аменова. #математикалықсауаттылық2024