![«Цифрлық әлем»](/media/img/blogs/65d6f28d98759.jpeg)
Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарқаралы қаласындағы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 05-09 ақпан аралығына «Цифрлық әлем» тақырыбында 2-11 сыныптарға арналған ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығын өткізу жоспарланды. Апталықтың 1-ші күні екі кезектің де оқушыларына арнап саптық жиында ашылу рәсімімен басталды. Бұл шараның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне және АКТ-ға деген қызығушылықтарын қалыптастыру және нығайту. Күнделікті өмірде, оқуда және әртүрлі қызмет түрлерінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану білігін дамыту. Осы шара аясында апталықтың бір күндік жұмысы жинақталып бейнеролик дайындалды. #obb_qaraganda#umckrg