«Сиқырлы ұяшық» интеллектуалды ойыны
Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде «ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығының жоспарына сәйкес, 06.02.2024 күні 5-6 сыныптар арасында логикалық ойлауды дамыту мақсатында «Сиқырлы ұяшық» интеллектуалды ойыны информатика пәні мұғалімдігіне машықтанушы Оразханұлы Серікболдың ұйымдастыруымен өткізілді. Сыныптар арасынан «Excel» мен «Photoshop» екі тобы іріктелініп алынды, топ мүшелері ойын барысында өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді, жеңімпаз топтар дипломдармен марапатталды. #obb_qaraganda#umckrg