"Жас инженер" көрмесі
![](/media/img/blogs/661e70a11f58a.jpeg)
Қарқаралы қаласы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде "Ғылым және технология" жаратылыстану - ғылыми сауаттылығы апталығының аясында 10 сәуір күні 3-сынып жетекшілері Қ.А.Рапихова, Г.Ж.Омарова, А.С.Алимжанова "Жас инженер" көрмесін ұйымдастырып өткізді. Көрме білім алушылардың тілдік дағдыларын, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту мақсатында өткізілді. Білім алушылар өздері жасаған бұйымдары туралы қызықты мағлұматтармен бөлісті. #Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл