"Табиғат әлемі балалардың көзімен"
![](/media/img/blogs/662657a04f0f4.jpeg)
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ -де,16 сәуір күні "Жасыл Қазақстан" экологиялық сауаттылық апталығы және мектебіміздің 90 жылдық мерейтойына орай, "Табиғат әлемі балалардың көзімен" тақырыбындағы 2 сынып білім алушылар арасында сурет байқауы өтті. Мақсаты: Білім алушыларға экологиялық тәрбие мен білім беріп, қоршаған ортаны қорғауға үйрету және шығармашылықтарын шыңдау. Бұл байқауда білім алушылардың ұшқыр қиялы мен еркін ойынан шыққан туындыларды көруге болады. Байқау жеңімпазын анықтауда 4 сынып білім алушылары мен мектеп ұстаздары ұнаған суреттерін бағалап жеңімпазды анықтады. Байқаудың жеңімпаздары:
І орын - Айтқазы Кәусар
ІІ орын - Самат Айсана
ІІІ орын - Орынбай Айсана, Мәжит Төреәли байқаудың жеңімпазы атанды. #Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл