back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
“Кереметтер қасымызда”
12-04-2024 17:36
 “Кереметтер қасымызда”
Қарқаралы қаласы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде  жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы апталығы және мектебіміздің 90 жылдық мерейтойы аясында 12- сәуір күні 2 «б» сынып оқушыларымен жетекшісі Мустафина К.А  “Кереметтер қасымызда” тақырыбында зообаққа саяхат сабағын өткізді. Саяхат барысында білім алушылар зообақ жайлы түсінік алып, жабайы аңдарды тамақтандыру, күтімі туралы мағлұматтар алды. Өздері ата- анасымен барған зообақтары туралы әңгімелеп берді. “Кім тапқыр?”  ойыны арқылы аңдардың дауыстарын естіп, жылдам тауып беріп отырды. Аңдар болып, сергіту сәтін орындады.
Мақсаты: білім алушыларға зообақтағы аңдарды бақылау арқылы  балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау және тілдік қорларын дамыту. Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
#Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл
Новости