“Кереметтер қасымызда”
![“Кереметтер қасымызда”](/media/img/blogs/6626595560e04.jpeg)
Қарқаралы қаласы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы апталығы және мектебіміздің 90 жылдық мерейтойы аясында 12- сәуір күні 2 «б» сынып оқушыларымен жетекшісі Мустафина К.А “Кереметтер қасымызда” тақырыбында зообаққа саяхат сабағын өткізді. Саяхат барысында білім алушылар зообақ жайлы түсінік алып, жабайы аңдарды тамақтандыру, күтімі туралы мағлұматтар алды. Өздері ата- анасымен барған зообақтары туралы әңгімелеп берді. “Кім тапқыр?” ойыны арқылы аңдардың дауыстарын естіп, жылдам тауып беріп отырды. Аңдар болып, сергіту сәтін орындады.
Мақсаты: білім алушыларға зообақтағы аңдарды бақылау арқылы балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау және тілдік қорларын дамыту. Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
#Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл