«Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойын
![«Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойын](/media/img/blogs/662fa44b5f418.jpeg)
Қарқаралы қаласындағы академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінде «Ғылым және технология» жаратылыстану – ғылыми сауаттылығы апталығы жоспарына сәйкес және мектебіміздің 90 жылдық мерейтойына орай 10 сәуір күні 4 «Ә» сыныбында «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын және сындарлы дағдыларын дамыту мақсатында өтті. Ойын барысында балалар әртүрлі тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді. Дайындап келген тәжірибелерін ортаға салып, болжамдарын жасады. Шара өте қызықты, әрі әсерлі өтті. Сынып жетекшісі: Омарова Қ. Б. #Қарқаралы1мектепмерейтой90жыл