back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
«Leader TopІQ-2024» байқауы
28-08-2024 15:05
«Leader TopІQ-2024» байқауы
TopІQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізілетін «Leader TopІQ-2024» байқауына «Қарқаралы қаласы академик О.Жәутіков атындағы №1ЖББ» КММ –нің директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары және информатика пән мұғалімі Г.Ж.Кулбаева қатысып , Республикалық «LeaderTopIQ-2024 » қатысып «TOPIQ ҮМІТІ» номинациясы бойынша ДИПЛОМ мен марапатталды. Конкурстың мақсаты: TopІQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды қолдануда республика педагогтерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және көпшілікке тарату.
Міндеттері: 
* педагогтерді оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін іздестіруге және енгізуге ынталандыру;
* электрондық оқулықтарды мұғалімдер, балалар мен ата-аналары, студенттер мен педагогикалық колледждердің, ЖОО-ның оқытушылары арасында танымал ету;
* республиканың мектептерінде, педагогикалық колледждері мен жоғары оқу орындарында электрондық оқулықтармен оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жүйесін анықтау;
* оқушыларды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыту үшін олардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру;
* TopІQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды қолдану бойынша педагогтердің ең үздік жетістіктерін, мектептер, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмыс тәжірибелерін көрсету және тарату;
* «Алматыкiтап баспасының», баспа және электрондық оқулық авторларының, мектеп педагогтерінің, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары арасындағы ынтымақтастықты бекіту.
Новости