Ұлттық валюта күні
Ұлттық валюта күні, яғни 15 қараша — Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің айналымға енген күні. Бұл күні Қазақстанның қаржы жүйесінің тарихы мен жетістіктері атап өтіледі. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық валютасын енгізген болатын, сол сәттен бастап теңге еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің символына айналды.
Ұлттық валюта күніне орай түрлі іс-шаралар мен конференциялар, сынып сағатары мен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл күннің маңызы – Қазақстанның экономикалық дербестігін нығайтуға және ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.
Бұл мереке елімізде қаржы нарығының дамуында үлкен рөл атқаратынын және теңгенің еліміз үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтуге мүмкіндік береді.