Медициналық сынып
“Медициналық сынып” жобасы аясында “Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)” КММ -де 8-сынып оқушылары арасында “Жұқпалы аурулардың қарқынды даму себебі” тақырыбында бейнежазба көрсетілді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайтыны туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді . #медициналықсынып #шагвмедицину #профориентация