2025 жылғы 20-24 қаңтар аралығында өтетін оқу сауаттылығы апталығы басталып

2025 жылғы 20-24 қаңтар аралығында өтетін оқу сауаттылығы апталығы
басталып, мектебімізде «ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» апталығы
салтанатты саптық жиынмен ашылды. Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып,
оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, өзара тәжірибе алмасу.
Міндеттері: балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын
дамыту, кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша
сыныптардағы жұмысты жандандыру; балаларды кітапқа ұқыпты қарауға
тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, көкжиегін дамыту,
кітап сүйер қауымды әлемге тарту. #оқусауаттылығы2025
