Мен математикамен доспын
Математикалық сауаттылық апталығына орай “Мен математикамен доспын” тақырыбында 4 “А” сыныбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,ойлана білуге,өз ойын дәлелдей алуға тәрбиелеу.
Әртүрлі қызықты тапсырмалар жүргізілді. Ребустар мен сөзжұмбақтарды шешу, жұмбақтарды шешу, ауызша есептеуден сайыс өткізілді. Оқушылар қызығушылықпен қатысты. Оқушылардың математика сабағына қызығушылығы арта түсті.
Сынып жетекшісі- Әлімжанова Гүлнұр Айдарқызы @oqu_agartu_ministrligi