Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналып, аудандық прокуратура және полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.

Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналып, аудандық прокуратура және полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында жол-көлік оқиғалары мен нашақорлықтың алдын алу, олардың қоғам мен жастар өміріне тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдары өкілдері нақты деректер келтіріп, оқушыларға заң аясында жауапкершілік пен қауіпсіздік жайлы мағлұмат берді. Жасөспірімдер жағдаяттарды талқылап, сұрақтар қойып, өз ойларын ашық білдірді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге бағытталды.@oqu_agartu_ministrligi



