
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы тарапынан физика пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік бейнесабақ – 2025» облыстық байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізген ұстазды марапаттады. Диплом иегері – Нұра ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінің (РО) физика пәні мұғалімі Тулеуова Гүлнұра Қашқынбаевна. Ол байқауда І дәрежелі орынға ие болып, кәсіби шеберлігі мен цифрлық білім беру саласындағы жаңашылдығы үшін лайықты танылды. Бұл марапат мұғалімнің оқу процесінде заманауи технологияларды тиімді пайдалана білетіндігін көрсетеді.