
14.10.2025 күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)» КММ-де сессияның екінші күні өтті. Шетел тілі, дүниежүзі тарихы, информатика, геометрия, елтану, география, биология сабақтары өткізілді. Пән мұғалімдері Асимхан К., Алпысов А.А, Бауыржан К., Букеров С.Б. ( «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)» КММ); Усенова А.О., Оралбай А. (М.Дулатұлы ЖОБМ); Токабаева Р.Х. (Байтуған ЖББМ); Акмагамбетова Р.О (К.Шайменов ЖОБМ). Бұл сабақтардың негізгі мақсаты пәндік білімді тереңдету, жаңа әдіс-тәсілдерді көрсету және мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу болды. Сессияға қатысушылар түрлі пәндер бойынша әдістемелік дағдыларын жетілдіріп, білім сапасын арттыруға мүмкіндік алды.