Адал азамат
«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Тарих толқынында» апталығының негізінде оқушыларға арналған «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолы арқылы тәрбиелік мән беру.
Сабаққа барлығы 30 оқушы қатысты. «Адалдық сағатын» тарих пәнінің мұғалімі Гульмамедова Индира Зыкрияновна жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар адал болудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, тарихи деректер негізінде парасаттылық пен әділдікке тәрбиелеудің мәнін түсінді.@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg


