Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша ата-аналар мен оқушылар арасында эстафета өткізілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша ата-аналар мен оқушылар арасында эстафета өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға заң талаптарын сақтау, тәртіпке бағыну, жауапкершілік пен өзара сыйластық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ отбасы мен мектеп ынтымақтастығын нығайту болды.
Эстафета барысында қатысушылар ұйымшылдық, әділдік, тәртіп сақтау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Сайыс кезеңдері заң мен тәртіп тақырыбымен ұштастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаз командалар марапатталды. Мұндай бірлескен шаралар балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, ата-аналардың тәрбие үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етеді.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg


