«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінде мектепке дейінгі білім беру ұйымында 2026 жылдың 29 қаңтар күні жол қозғалысы ережесі бойынша профилактикалық іс-шара өтті.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінде мектепке дейінгі білім беру ұйымында 2026 жылдың 29 қаңтар күні жол қозғалысы ережесі бойынша профилактикалық іс-шара өтті. «Еркетай» шағын орталығы және мектепалды даярлық сынып оқушылары жол сақшыларымен кездесті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында полиция қызметкерлері педагогтармен бірлесіп, оқушылардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған “Жол + Сен = Қауіпсіздік” атты профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге шамамен 40 оқушыдан құралған үш топ қатысты. Қатысушылар үшін ойын және танымдық кезеңдер ұйымдастырылып, олардың жол қозғалысы ережелерін білу деңгейі, зейінділігі және түрлі жол жағдайларында дұрыс әрекет ету дағдылары қаралды. Мұндай формат оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қолжетімді әрі қызықты түрде меңгеруге, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Осындай профилактикалық іс-шаралар оқушылар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

