back-image
"Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
23-12-2025 10:29
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектебім – мейірім мекені!» атты алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтті.Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып түлектері сахнаға ерекше ықыласпен шақырылып, әсерлі сәттерге куә болдық.
Шара Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалуымен басталды.
Салтанатты жиынға қатысқан Нұра аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сейфуллина Дария Сейітқазықызы жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін білдіріп, оқу жылының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
???? Сонымен қатар, ол өз сөзінде мектептің басты мақсаты – білімді ғана емес, елін сүйетін, әділ, жауапкершілігі жоғары адал азамат тәрбиелеу екенін атап өтті.
Құттықтау сөзді мектеп директоры Оспанов Асланбек Уалиханович жалғастырып, жаңа оқу жылының табысты болуын тіледі.
???? Мерекелік шарада 1-сынып оқушылары өлең оқып, ән шырқады.
???? Ал 11-сынып түлектері кішкентайларға сыйлықтарын табыстап, дәстүрлі сабақтастықты жалғастырды.
???? Сыңғырлаған алғашқы қоңырау жаңа білім белесіне жол ашып, барша мектеп ұжымына қуаныш пен үміт сыйлады.
???? Білім ордасының басты ұстанымы – бала жүрегіне мейірім ұялатып, тәрбиелі де адал азамат қалыптастыру.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
Новости