1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектебім – мейірім мекені!» атты алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтті.Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып түлектері сахнаға ерекше ықыласпен шақырылып, әсерлі сәттерге куә болдық.
Шара Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалуымен басталды.
Салтанатты жиынға қатысқан Нұра аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сейфуллина Дария Сейітқазықызы жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін білдіріп, оқу жылының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
Құттықтау сөзді мектеп директоры Оспанов Асланбек Уалиханович жалғастырып, жаңа оқу жылының табысты болуын тіледі.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg