“Бата - ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы”
Желтоқсан айының 4 жұлдызында 4 “ә” сынып жетекшісі Д.К. Акимжанованың ұйымдастыруымен “Бата - ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру; батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сынып сағатына Жанбек Айкөркемнің атасы — Қожантаев Жанбек Асқарұлы келіп, оқушыларға батаның не екендігін түсіндіріп, оның қандай түрлері жайлы баяндады. Бұдан кейін ер балалар жаттап келген баталарын айтты. Қыз балалар атаға “ Отбасының ұйытқысы кім?, “Сіздің неше немереңіз бар?” т.б. сұрақтар қойды. Одан кейін балалар “Жалғасын тап” ойынын ойнады. Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндірді. Көңілді кездесу "Көңіл толқыны” атты күймен жалғасты.Тәрбие сағатының соңында Жанбек Асқарұлы оқушыларға ақ батасын берді.