back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
“Бата - ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы”
05-12-2023 16:13
Желтоқсан айының  4 жұлдызында 4 “ә” сынып жетекшісі Д.К. Акимжанованың ұйымдастыруымен “Бата - ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру; батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сынып сағатына Жанбек Айкөркемнің атасы —  Қожантаев Жанбек Асқарұлы келіп, оқушыларға батаның не екендігін түсіндіріп, оның қандай түрлері жайлы баяндады. Бұдан кейін ер балалар жаттап келген баталарын айтты. Қыз балалар атаға “ Отбасының ұйытқысы кім?, “Сіздің неше немереңіз бар?” т.б. сұрақтар қойды. Одан кейін балалар “Жалғасын тап” ойынын ойнады. Ойынның шарты бойынша  мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,  мағынасын түсіндірді. Көңілді кездесу "Көңіл толқыны” атты күймен  жалғасты.Тәрбие сағатының соңында Жанбек Асқарұлы оқушыларға ақ батасын  берді.
Новости