back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
“Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия”
04-04-2025 11:58
“Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия”
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен және «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығымен 2025 жылдың 3-сәуірі күні ұйымдастырылған “Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия” республикалық сайысында Қарағанды облысының командасы ерекше табысқа жетті. Сайыс қазақ тілі, қазақ әдебиеті және математика пәндері бойынша өтті. Команда құрамына 5 қазақ тілі және 5 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Республикалық байқауға Нұра ауданынан М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп -гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казимова Айдана Зейнуллаевна қатысқан болатын.
Қарағанды облысының командасы республикалық сайыстың барлық кезеңдерінде жоғары ұпай жинап, 3 кезеңдік сайыстың қорытындысы бойынша 17 облыстың ішінен 20 команданың арасынан I орынды иеленді.
Қатысушыларға диплом мен қатысқаны үшін сертификаттар үлестірілді .
Осы табысты нәтиже педагогтердің кәсіби білімі мен командалық рухын айқын көрсетеді.
Новости