Тіл — ойдың қаруы! Балаңыздың сөйлеу қабілетін қалай жетілдіреміз?
Құрметті ата-аналар! Сәлеметсіздер ме!
Баланың 3-6 жас аралығындағы сөйлеу тілінің дамуы — бұл кездейсоқтық емес, жүйелі жұмыс. Сөйлеу тілінің дамуына арналған жаттығулар баланың мектептегі оқуына, ойлау қабілетіне және өзіне деген сенімділігіне тікелей әсер етеді.
Біздің бүгінгі толық консультациялық видеомызда сіздер балабақшадағы тиімділігі дәлелденген, күнделікті тұрмыста қолдануға болатын ойын әдістерімен танысасыздар.